ТӨЛЕБИДЕ ЕЖЕЛГІ ҚОРЫМ СҮЙЕГІ ШАШЫЛЫП ЖАТЫР

Төлеби ауданы, Кемеқалған ауыл округі, Әңгір ата ауылында орналасқан «Әңгір ата» жалпы орта мектебінің алдындағы алаңқайды ауыл тұрғындары «Наурыз алаңы» деп атайды. Бұл маңда жыл сайын наурызтой өткізіліп тұратындықтан солай аталған сияқты. Той өтетін алаңқайды кеңейтіп, тегістеуді көздесе керек, әңгіраталықтар биіктеу төбе топырағын трактормен қопарып ала бастаған.

Өз бетінше топырақ қазу кезінде б.з. І-V ғасырларға тән оба қорым беті ашылып, адам қаңқаларының үстінен түскен. Сүйектермен қатар табылған заттай жәдігерлерді (құмыра, тостаған, басқа да керамика бұйымдары) аудан тұрғындары бөлісіп алған.

Бұл оба қорым тарихи-мәдени ескерткіштер тізбесінде жоқ. Сала мамандарына жаңадан белгілі болып отыр. Дегенмен, археология ескерткішінің мемлекеттік қорғау аймағында болмауы ол ескерткіш қорғалуға жатпайды деген сөз емес. Тиісті заң нормалары сақталуы керек.

ҚР Жер кодексінің 127-бабында тарихи, ғылыми, көркемдік және өзге де мәдени құндылығы бар объектілер табылған жағдайда, жер пайдаланушылар одан әрі жұмыс жүргізуді тоқтата тұрып, бұл туралы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға міндетті екені және тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуге тыйым салынатыны көрсетілген.

Түркістан облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық қызметкерлері Төлеби ауданындағы Әңгір ата ауылына барып, жаңадан табылған оба қорымға зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ауыл тұрғындарына ескерткіш қорғаудың заңдық нормаларын түсіндірген. Оба қорымнан табылған заттай жәдігерлердің бір бөлігі ауыл тұрғындарынан жиналып алынды, алдағы уақытта жергілікті музейге тапсырылмақ.

Қазіргі таңда жаңадан табылған оба қорым аумағынан өз бетінше заңсыз топырақ алу әрекеттері тоқтатылған.

С. Құдабаев

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика