Рубрика: «ДЕНІ САУ ҰЛТ»

 

Былтырғы 12 қазанда Қазақстан Үкіметінің қаулысымен «ДЕНІ САУ ҰЛТ» деп аталатын әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ бекітілгенінен хабардар боларсыз. Жобаның мақсаты – әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, ол 2025 жылға есептелген.
Ұлттық жоба 4 бағыт бойынша іске асырылады. Олар:
1. Қолжетімді және сапалы медициналық көмек;
2. Эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру;
3. Отандық өндірістің қолжетімді дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары;
4. Салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту.
Осы орайда, газетіміздің осы санынан бастап Шымкент қаласында «Дені сау ұлт» жобасы аясында атқарылып жатқан шараларға назар қойып, денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан шаруаларды оқырман назарына ұсынып отыруды жөн санап едік.

Колонт: Бала денсаулығы
БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ЖАНЫНАН АЛҒАШ РЕТ СӘУЛЕЛІ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Шымкентте алғаш рет «Асар» шағын ауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасында сәулелі диагностикалық орталық ашылды. Бүл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының фейсбуктегі парақшасы хабарлаған. Орталықтың ерекшелігі сол, мұндағы мамандар қажеттілікке байланысты кішкентай пациенттерді көрсеткіштеріне қарай МРТ, КТ сынды аппараттардан диагностикалық тексеруден өткізе алады.
Жаңадан ашылған орталық соңғы заманауи үлгідегі емдеу-диагностикалық жабдықтармен қамтылған. Мұнда науқастар МРТ, КТ, Рентген, УДЗ, ЭКГ, ЭЭГ-сынды аппараттары арқылы тексеруден өте алады.
– 2021 жылы ауруханаға жергілікті бюджет есебінен МРТ 1,5 «Тесла» аппаратын алған болатынбыз. Сол аппарат жұмысқа толығымен іске қосылды. Мұнан бөлек, қажетті жабдықтардың барлығы бар, Сәулелі диагностикалық орталықта пациенттерге уролог, травматолог, нейрохирург, пульмонолог, аллерголог, ревматолог, отолариноларинголог, невролог, кардиолог сынды бейінді мамандары қабылдап, қажетті медициналық көмек көрсетеді. Емханадан келген жолдама арқылы тексеру жұмыстары тегін жүргізіледі. Қазір мамандар күніне 150-ге жуық пациентті қабылдауда,-дейді қалалық клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ержан Байдуллаев.
Балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне түскен науқастар денсаулық қажеттілігіне байланысты сәулелі диагностикалық орталықта кезексіз тексеруден өтеді. Мұнан бөлек, күндізгі стационарда ем алуына жағдай жасалған.
Айта кетейік, 2020 жылдан бастап қалалық клиникалық балалар ауруханасында педиатриялық көмекті орталықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Ауруханада онкогематология, хирургия және травматология бөлімшелерінен, балалар торакальды хирургиясы, урология, балалар нейрохирургиясы, комбустиология (күйік жарақаты), ЛОР, кардиолог, эндокринолог мамандары дайындалып, қайта бейімдеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінде жаңа туған нәрестелерге сапалы нейрохирургиялық операциялар жасалып жүр. Сондай-ақ, нейроэндоскопиялық операциялар мен туа бітті және жүре пайда болған сколиоз дертіне ота жасау қолға алынды. Нәтижесінде ауыр дертке шалдыққан науқастарды Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына жібермей-ақ балалар дәрігерлері күрделі оталарды өздері жасап, оң нәтижеге қол жеткізуде.

 

Колонт: Медициналық жетістіктер
АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІН ТӨМЕНДЕТУГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН АППАРАТ

Жарты ғасыр бұрын құрастырылған «Арыс МТ» аппараты әлі де сыр бермей, әлі де емдеу жұмыстарын толық жүргізуге қауқарлы. Шымкентте дәрігерлер түрлі дәрежеде уланған науқастарды Орта Азияда теңдесі жоқ құрылғымен емдейді.
Медицина мамандары қырық жылдан астам уақыттан бері «Арыс МТ» атты барокамера кешенінің көмегімен ауыр жағдайдағы күйік шалған науқастарды емдеп, ажалдан арашалап жүр. Әуе ұшағына ұқсас жасалған апараттың ішінде дәрігерлер бір мезетте терапиялық ем жасап қана қоймай, ота да жасайды.
«Арыс МТ» құрылғысы бір қарағанда үлкен әуе ұшағына ұқсайды. Барокемара ішінде күйік шалған, түрлі дәрежеде уланған, қан қысымы көтерілген, қант диабеті сынды сырқатқа шалдыққан пациенттерге терапиялық емдеу жұмыстары жүргізіледі. Оттегімен қамтамасыз ететін кешеннің ішінде хирургиялық ем жасауға да болады.
– Бұл кешен екі блоктан тұрады. Бірінші блокта емдеу, екіншісінде операция жасауға болады, — дейді Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері Мәдина Ермағанбетова.
«Арыс-МТ» операциялық-терапиялық баро¬кешенінінде дәрігерлер 40 жылдан аса науқастарға медициналық көмек көрсетіп келеді. Ал, 1994 жылы дәл осы аппараттың ішінде ауыр жағдайдағы жүкті әйелдерге кесір тілігі отасы жасалып, ана мен бала өлімі көрсеткішін төмендетуде үлкен жетістікке жетті. Әлі де мұнда жүкті әйелдерге емдеу жұмыстары жүргізіледі.
Мұнда Орта Азияда теңдесі жоқ құрылығының көмегімен дәрігерлер күйік шалған және уланған ауыр жағадайдағы мыңдаған науқастың өмірін аман алып қалған.
Otyrar TV

Колонт: Апталық шара
ИММУНДАУ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Елімізде Еуропалық иммундау апталығы жүргізілді. Осыған орай, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы және санитариялық эпидемиялогиялық қадағалау департаментінің ұйымдастыруымен семинар болып өтті. Шараға медициналық ұйымдардағы иммунолог дәрігерлер қатысып, екпе турасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Салаға жауаптылардың сөзінше, EИА мақсаты ата-аналар мен тәрбиешілер, денсаулық сақтау мамандары, саясаткерлер мен шешім қабылдайтын адамдар және БАҚ арасында иммундаудың маңыздылығы туралы ақпараттандыру ісін арттыру арқылы вакцинациямен қамту.
Осы аптада жоспарлы вакцинациялаудыың өмір бойына денсаулық пен салауаттылықты сақтауға қосқан үлесі атап өтіледі және де COVID-19-ға қарсы вакцинациялау пандемияның шектеулерін жоюға көмектесетін өмірлік маңызды құрал ретінде атап өтіледі.
Осы орайда ЕИА -2022-нің басты кретерийлеріне тоқтала кетсек:
Оның мақсаты – әр адамның ұзақ және салауатты өмір сүруін қамтамасыз етуге септігін тигізетін вакциналарға тең және кеңінен қол жетімділіктің маңыздылығын атап өту:
• Вакциналардың құндылығы дозамен емес, салауатты және ұзақ өмір сүрумен өлшенеді.
• Вакциналар бәрімізге бақытты өмір сүруге мүмкіндік пен үміт береді. Бұл үшін бәріміз күресуіміз керек.
• Вакциналар барлық уақыттағы ең тиімді ғылыми өнертабыстардың бірі болып табылады; олар ұрпақты көптеген жұқпалы аурулардан қорғауға көмектеседі.
• Қызылша, диарея мен пневмонияның кейбір себептері сияқты бір кездері жиі кездесетін аурулардың алдын алуға арналған вакциналар бүкіл әлем бойынша балалардың ұзақ және толық өмір сүруіне мүмкіндік береді.
Барлық адамдар, қай жерде болса да, өздеріне қажет және лайықты вакциналарға тегін қол жеткізе алуы керек.

Колонт: Ғылым және медицина
ЕЛІМІЗДІҢ ҒАЛЫМДАРЫ СҮЙЕКТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ АРНАЛҒАН БИОМАТЕРИАЛ ӘЗІРЛЕДІ

Қазақстандық ғалымдар сүйектерді қалпына келтіруге арналған қолжетімді биоматериал-гидроксиапатит әзірледі. Білім және ғылым министрлігінің Жану проблемалары институтының ғалымдары жасап шығарған сүйекті алмастыратын материал шетелдік аналогтардан үш есе арзан. Отандық компаниялар тауардың алғашқы партиясын сатып алып та үлгерген.
– Биологиялық шикізаттан гидроксиапатит термиялық өңдеу, күйдіру, арнайы химиялық реакциялар жүргізу және посттермиялық күйдіру арқылы алынады. Біздің модификация барлық әдісті алуды жақсарту арқылы уақытты ұлғайту есебінен және жоғары температура режимін таңдау және т.б. есебінен жүзеге асырылады. Нәтижесінде біз жақсартылған кристалдық құрылымы және өнімнің тазалығы жоғары (95%) сапалы материал алдық. Шетелдік компаниялар осындай жоғары сапалы ИАӨ-нің (икемді автоматтандырылған өндіріс) 1 грамын шамамен 32 мың теңгеге сатады. Ал біздің материалдың бағасы – 1 грамы үшін 10 мың теңге, — дейді ҚР БҒМ Жану мәселелері институтының ғалымы Зұлқайыр Мансұров.
Қазір химия ғылымдарының докторы, профессор З.А. Мансұров медицина ғылымдарының докторы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚазМҮББУ стоматология кафедрасының профессоры М.А. Темірбаевпен бірлесіп алынған минералды іс жүзінде қолдану жұмыстарын жалғастырып жатыр. Отандық гидроксиапатит сүйек ақауларын қалпына келтіруде, сүйек зақымдалған жараларда, сынықтарда, пластикалық хирургияда, яғни бет сүйектерінің пластикалық хирургиясында және тістерді имплантациялауда қолданылады.
– Гидроксиапатитпен қапталған имплантаттар кері реакция тудырмайды және сау сүйек тінімен белсенді түрде байланысып, регенерация мен оңалту процесін жеделдету қабілетіне ие екенін атап өткен жөн. Біздің отандық жоғары сапалы гидроксиопатит импорттық материалдарды оңай алмастыра алады, — деп түсіндірді З.Мансұров.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша ҚР БҒМ КОКСОН және Scopus индекстелген деректер қорында ғылыми жұмыстар жарияланды. Бұл зерттеу жұмысының сенімділігі мен өзектілігін көрсетеді.
Айта кетейік, ғылыми жұмыс ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асырылды.

Колонт: Министр бүй дейді…
ТҰРҒЫНДАР 1 ШІЛДЕДЕН БАСТАП МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРІСТЕН ӨТЕДІ

Елімізде медициналық көмек көрсету стандарттары қайта қаралады. Денсаулық сақтау министрлігі 1 шілдеден бастап барлық ауылда медициналық тексеріс ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният аудандар мен моноқалалардың бас дәрігерлерімен өткен кездесуде айтты.
– Негізгі медициналық, инфрақұрылымдық, технологиялық ресурстар қалаларда шоғырланған жағдайларда ауыл тұрғындары әлі де білікті медициналық қызметтер, мамандандырылған көмек алуда қиындықтарға тап болады. Біздің ортақ міндетіміз — әрбір өмір үшін күресу, адам қай жерде тұрса да, ол біздің пациент болып қала береді, ал дәрігер оған ең қажетті көмек көрсетуі тиіс, — деді А.Ғиният кеңеске қатысушыларға арнаған сөзінде.
Министрдің айтуынша, көптеген проблемалар бар, олар жылдар бойы созылып, бүгінде денсаулық сақтау саласына үлкен жүктеме түсіруде. Бұл кадр тапшылығы, медициналық объектілердің физикалық тозуы, жол-көлік қатынасының әлсіздігі, ауылда медициналық техникамен жарақтандырудың төмендігі. Ол дәстүрлі түрде ауыл тұрғындары амбулаториялық мекемелерге жиі баратынын, ал шұғыл денсаулық проблемалары кезінде ғана ауруханаға жатқызылатынын, тұрмыстық сипаттағы қиындықтарға байланысты жоспарлы емдеуге жатқызудан бас тартатынын атап өтті.
Осыған байланысты, министрлік ауыл тұрғындарын бастапқы диагностикамен қамтуды арттыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды іске асырып жатқанын, ол үшін барлық жастағы ауыл тұрғындарын профилактикалық тексеру жүргізу туралы бұйрықтың жобасы әзірленгенін, оны 1 шілдеден бастап іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады.
Бұдан басқа, ауылда медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі, медициналық көмек көрсету стандарттары қайта қаралатын болады, көлік медицинасының арсеналы күшейтіледі.
Министр жергілікті атқарушы органдармен, аудандық деңгейдегі ауруханалар мен моноқалалардың бас дәрігерлерімен, депутаттық корпуспен бірлесіп, ауылдық медицина проблемаларын шешуде күш-жігерді шоғырландыруға назар аударды.

  • Related Posts

    ИЗ ИСТОРИИ ФОРМИРОВАНИЯ И ФУНКЦИОНИРОВАНИИ 30 ЛЕТ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА: АНАЛИЗ, ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ ГЛАЗАМИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ГОРОДА ШЫМКЕНТ

    ИЗ ИСТОРИИ ФОРМИРОВАНИЯ И ФУНКЦИОНИРОВАНИИ 30 ЛЕТ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА: АНАЛИЗ, ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ ГЛАЗАМИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ГОРОДА ШЫМКЕНТ Ассамблея народа Казахстана — уникальная модель Казахстана во всем мире, поддерживающая…

    Глава государства на встрече с представителями отечественного бизнеса поручил Правительству дополнительно проработать вопрос по ставке НДС

      Любые нововведения должны проводиться на основе всестороннего анализа и продуманной стратегии. Нужно проработать разные варианты, учитывающие специфику отраслей экономики. Я раньше на этот счет не высказывался, поскольку каждое мое…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика