2024-07-27

Мемлекеттік қызмет тарихынан сыр шерту

Мемлекеттік қызметшілер – билік пен бұқара халықтың арасын жалғайтын алтын көпір және мемлекеттік қызметшінің беделі – мемлекет беделі екені баршаға аян.

Тәуелсіздік алған жылдардан бастап мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты ауқымды реформалар жүргізіліп келеді.

Атап айтсақ, Егеменді еліміз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызмет туралы заңнама қабылдап, әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резервін жасақтады. Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістікте алғаш рет мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу енгізіп, мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру шараларын жүзеге асырды.

Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысында 1999 жылы пилоттық жобамен Оңтүстік Қазақстан облыс әкімшілігінің мемлекеттік қызмет департаменті жұмыс жасады. Сол Оңтүстік Қазақстан облыс әкімшілігінің мемлекеттік қызмет департаментінде мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бөлімінің бастығы қызметін атқардым.

Пилоттық жоба нәтижелі болып, 1999 жылдың соңында «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының қабылдануына септігіміз тиді.

Бұл заң бойынша 2000 жылдан бастап әкімшілік мемлекеттік қызметші бос лауазымдық қызметтеріне ашық конкурстар жарияланып, мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа үлгісі жүзеге асты.

Ал, облыста Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы құрылып, ол басқармаға мен алғашқылардың бірі болып конкурстан өтіп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы лауазымдық қызметін атқардым.

Бүгінгі күні – мемлекеттік қызметтің тарихы болып қалды.

Аталған мемлекеттік қызмет мәселесі ең алдымен «Қазақстан – 2030» стратегиясынан бастау алып, оған байланысты заңдылықтар қабылданып, «Қазақстан — 2050» стратегиясының негізінде одан әрі жетілдіріле түсті.

Солардың бірі:

— Меритократия қағидасы;

— Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидалары;

— Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 15 қадамы  кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталып, ол бүгінде өз жемісін беріп жатыр;

— Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөнінде шаралардың қабылдануы;

— Мемлекеттік қызметтер тәжірибелері ХАБ  орталығында жинақталып, оны шетелдерге тарату бойынша жұмыстар іске асырылуда;

— Мемлекеттік қызметшілерді «А» және «Б» корпустарына бөлу және оларға қойылатын біліктілік талаптары туралы ережелер мен қағидалар қабылданып, уақыт өте оны жетілдіру сияқты шаралардың жүзеге асып жатқанына бәріміз куәміз.

Жалпы алғанда осы мемлекеттік қызметке қойылатын талаптардың жетілдірілуімен қатар, мемлекеттік қызметшілердің де деңгейі өсіп отыр.

Барлық Қазақстандық мемлекеттік қызметшілерді «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесімен құттықтаймын!

 

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Әуесханов Серік Елемесұлы

Қызмет ақпарат

2000 символ

Яндекс.Метрика