Шымкент қаласында «Байтақ» жасылдарпартиясының кезекті V конференциясы өтті

24 қаңтар күні Шымкент қаласындаҚазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясыныңШымкент қаласы филиалының кезекті Vконференциясы өтті. Іс-шараға партияның төрағасыАзаматхан Амиртаев, партия мүшелері, филиал делегаттары, мемлекеттік органдардың өкілдеріжәне экология сарапшылар қатысып, конференция күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды.

Конференция барысында партияның төрағасыАзаматхан Амиртаев партияның стратегиялықбағыттары туралы баяндама жасады. Баяндамадаэкологиялық мәселелерді шешу, жасылэкономикаға көшу және ESG қағидаттарын енгізубойынша жоспарлар ұсынылды.

Конференцияның негізгі нәтижесі – Шымкент қаласы филиалының жаңа төрағасы болыпОрдабеков Алтай Еркебекұлының сайлануы. Сонымен қатар, филиалдың саяси кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының есептерітыңдалып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспарыбекітілді.

Конференцияға қатысушылар партияныңалдағы жұмысына табыс тіледі және экологияныжақсарту жолында бірлесіп жұмыс істеуге дайынекендерін білдірді.

  • Related Posts

    Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі

    Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі Ардақты ағайын! Қадірлі қауым! Біз жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Зұлмат…

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика