УНИВЕРСИТЕТТЕ ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ МЕН СТУДЕНТТЕР ЖОЛДАУДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

 

Бүгін Шымкентте Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің сарапшылары студенттермен жиын өткізді. Жиында Мемлекет басшысының халыққа арналған Жолдауындағы экономиканың негізгі бағыттары талқыланды. Университет басшылары мен оқытушылар құрамы сарапшылық еткен жиында философия ғылымының кандидаты, доцент Қанатбек Бердалыұлы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты кезекті Жолдаудың негізгі басым бағыттарына тоқталып өтті.

–Жолдауда белгіленген жаңа мақсаттар халықтың тұрмыстық жағдайын арттыру мен экономикаға бағытталғаны қуантады. Жаңа бағдарламалық құжаттың экономиканың дамуына негізделгені кездейсоқ емес. Жолдау аясында орта бизнесті дамыту, экспортты ынталандыру, агроөнеркіәсіпті арттыру сияқты міндеттер шешіледі деп ойлаймын. Өскелең ұрпақ пен еңбек адамына назар аударылып отыр. Болашағымыз балалар үшін білім сапасын арттыру, «Келешек» Бірыңғай ерікті қаржыландырылатын жүйесін енгізу жайында айтылды. Ал, қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы аясында ауыр өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін азаматтардың еңбек құқықтарын жақсырақ сақтауға мүмкіндік бермек. Бұл – әрқайсымыз үшін маңызды. Сондай-ақ, прогрессивті міндеттер де бар, олар ең алдымен, – су және энергия үнемдейтін технологиялар саласы, жаңартылатын энергия жобаларын жүзеге асыру. Біз болашағымызға батылдықпен қараймыз, ысырапшылдыққа, табиғи ресурстарды ұқыпсыз тұтынуға орын жоқ, оны болашақ ұрпақ үшін сақтауымыз керек. Мемлекет басшысы осы тұрғыда атқарылуы тиіс нақты қадамдарды көрсетті, – деді Қ. Бердалыұлы.

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі таңда студенттердің де өзіндік көзқарасы бар, даму үдерісіне ілескен жастар қалыптасуда. Ел болашағына үн қоса алатын нағыз патриот, білімді жастар жиында өз ойларын да ортаға салды. Мемлекет дамуы үшін маңызды шешімдерді талқылауға және қабылдауға атсалысатындықтарын жеткізді. Бұл – қоғамның одан әрі демократиялануының айғағы.

  • Related Posts

    ИЗ ИСТОРИИ ФОРМИРОВАНИЯ И ФУНКЦИОНИРОВАНИИ 30 ЛЕТ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА: АНАЛИЗ, ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ ГЛАЗАМИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ГОРОДА ШЫМКЕНТ

    ИЗ ИСТОРИИ ФОРМИРОВАНИЯ И ФУНКЦИОНИРОВАНИИ 30 ЛЕТ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА: АНАЛИЗ, ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ ГЛАЗАМИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ГОРОДА ШЫМКЕНТ Ассамблея народа Казахстана — уникальная модель Казахстана во всем мире, поддерживающая…

    Глава государства на встрече с представителями отечественного бизнеса поручил Правительству дополнительно проработать вопрос по ставке НДС

      Любые нововведения должны проводиться на основе всестороннего анализа и продуманной стратегии. Нужно проработать разные варианты, учитывающие специфику отраслей экономики. Я раньше на этот счет не высказывался, поскольку каждое мое…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика