Мектеп – барлық рухани өркениеттің ошағы. Білім ұясы – жан-жақты дамуға жағдайлар туғызатын, тұлғаның өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын, еркін және шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын білім ордасы болуы тиіс. Мектептің басты міндеті – ең алдымен, саналы да ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеп шығу. Бүгінгі жаһандану заманында білім беру ісінде, жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңа көзқарастар пайда болды. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесін арттырып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпаққа білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Мектеп болашаққа бастайтын, рухани азықтандыратын алтын ұя болса, ал мұғалім – сол шаңырақтың тірегі, сүйеніші. Жүрегі таза шынайылық пен ізгіліктің нұры шамшырақтай жанған сырға толы кішкентай, бірақ үлкен жүректі жандардың қасынан үнемі табылатын мейірімді жан – ұстаз. Ұстаз – шәкірттерінің жан дүниесін қалыптастыратын және шәкірттердің жақсы қасиеттерінің өсуіне себепкер болатын, сонымен қатар шәкірттің жүрегін, жанын азықтандыратын адам. Ұлы дана Абай хакім айтқандай «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз-тұл»-деп адам баласының кісі боп қалыптасуы көбіне ұстазға байланысты екенін ерекше атап өткен. ліміздің ертеңгі тізгінін ұстар, Отанын ғаламдық дамудың көшінен қалдырмай өрге шығарар азамат тәрбиелеу ұстаздарға жүктелген аса маңызды да жауапты міндет. Осы абыройлы борыш үдесінен табылып, жаңа заманның ауыр жүгін қайыспай көтере білген көшбасшы ретінде мектебіміздің мәртебесін асқақтатып, әрдайым биіктерден көрінуіне өз үлесімді қосамын. Әл-Фараби: «Ұстаз…..Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек», — деген. Өз мектебімнің ұстаздары бала бойына жан-тәнімен білім мен тәрбиені қатар бойына сіңіре отырып, үлкен өмірге шыныққан, шымыр шәкірт тәрбиелеуде деп шын сеніммен айта аламын. Талай дарын иелері мен қазірде ел тізгінін ұстап отырған алып азаматтарымыз да ұстаздан тәлім алған. Қандай кезең болмасын, қандай жағдай болмасын өнегелі ұстаздарымыз тығырықтан шығудың жолын тауып, біліммен сусындата білген. Қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту барысында ұстаздар қауымы да, білім алушыларымыз да өтпелі кезеңнің өзіндік қиындықтарын жеңіп, болашаққа нық сеніммен қарайды. Біз болашақта бағдарламамызды жасанды зердеге негіздеп оқытамыз. Қазірдің өзінде бұл тәжірибеде бар. Жалпы орта білім беру ұйымдарында жасанды интеллектіні қолдану бойынша тұжырымдама әлі жасалған жоқ. Бүгінгі жиынның мақсаты да сол, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік педагогтер пен шетелдік ғалымдар жасанды интеллектінің игілігін көрудегі тәжірибелерін бөлісіп жатыр. Бір мұғалім алты сыныпқа сабақ беретін болса, олардың әрқайсысында отыз баладан болса, балалардың жұмыстарын аз уақытта тексеру мұғалімге үлкен күш екені айтпаса да түсінікті. Педагог олардың бәріне кері байланыс бере алады, бірақ 45 минут аздық етеді. Ал егер ұстаздар сабақ жоспарын жасаған кезде, емтихан жұмыстарын тексергенде жасанды зердені қолданса, жұмыстары едәуір жеңілдейді. Осылайша, мұғалім өзінің уақыты мен энергиясын үнемдейді әрі қазіргі заманауи оқушылардың талғамына сай болады. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей, бұл жасанды зерденің қаупі де жоқ емес. Оқушылар мұны сапалы қолданатыны рас, сол себепті мұғалім олардың шынайы білімін анықтай алмауы мүмкін. Сондықтан педагог оқушыға жасанды интеллект орындай алмайтын, жекелей тапсырма беруге тиіс. Осы орайда интелектуалды ойындардың беретін жемісі өте көп. Тек қолдану әдісін мұғалім тез меңгере білсе жеткілікті. Бүгінде мектептерде жоғары жылдамдықты интернетпен қамту 89 пайызды құрайды, интернеттің орташа жылдамдығы өткен жылы 4 Мбит/с болса, биыл секундына 75 Мбит жылдамдыққа жетті. Еліміздің 1 731 мектебінде «Starlink» жерсеріктік интернеті орнатылды. Бүгінгі таңда оқулықтардың жүз пайызы цифрлық форматқа ауыстырылды. Олар қазір 11 платформада қолжетімді. Жасанды интеллект технологияларын білімге сауатты енгізу оқытудың тиімділігін қамтамасыз етеді, ал бұл өз кезегінде білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазір цифрлық технологиялар информатика пәнінің шеңберінен әлдеқайда шығып кетті. Енді әрбір педагогтің ІТ-құзыреттілігі оның біліктілігінің ажырамас бөлігіне айналуы шарт. Бұл – жаһандық үдеріс, заманауи талап «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 27-29 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының республикалық кезеңі өтті. Конкурстың мақсаты — туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды аныктап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазакстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру. Конкурстың 4 номинациясы бойынша қалалық кезеңінен жеңімпаз болған төмендегі оқушылар қорытынды кезеңде өз бақтарын сынады: 1.«Менің шағын Отанымның тарихы» – Қойшыбек Асылай, №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы; 2.«Шағын Отанымның символы» — Фархад Индира, А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы; 3. «Менің шағын Отанымның болашағы» – Айтуғанова Сабина, №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі; 4. « Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар» – Арықбай Бибіажар, №87 жалпы орта білім беретін мектебі. Конкурс нәтижесі бойынша: 1. ІІІ орын — №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының оқушысы Қойшыбек Асылай; 2. ІІІ орын — А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының оқушысы Фархад Индира; 3. Грамота — №87 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Арықбай Бибіажар иеленді.
Қызмет ақпарат
5275 символ
Leave a Reply