2024-07-27

Майкл Блумберг: Мэр әрі милиардердің тарихы

alttories/bloomberg_2007112516362411jpg_s1.jpg» />Әлемде көк қағаздың құнымен өлшенетін милиардер деген атқа ие болған  саясаткерлер санаулы ғана. Европа дегенде бірден Сильвио Берлускониді еске аламыз. Қарап отырсақ Американың да өз Берлускониі бар екен, Майкл Блумберг.Нағыз қаржы магнаты нью-йорктықтардың сүйіктісі, қала басы – мэр қызметіндегі абырой-беделі де айтарлықтай. Блумберг Forbes тізіміндегі ең бай адамдардың бірі, ал,саясаттағы жетістігін Нью-Йорк қалалық заң кеңесінің оны үшінші рет қатарынан мэр тағына отыруына рұқсат беруімен түсіндіруге болады.

«Көкеге» жұмыс істеу бастапқы капиталды жинап алудың бір әдісі.

Майкл Блумбергтің ата-анасы байлығымен мақтанатындай адамдар емес, әкесі есепші,
шешесі хатшы болған.Отбасылық қаржының тапшылығынан Майкл Джонс Хопкинс университетіндегі оқуын жалғастыру үшін жанар-жағар май бекетінде жұмыс істейді.1964 жылы университетті бітіріп,электроинженерия саласы бойынша бакалавр атанып шығады. Екі
жылдан соң Блумберг істі басқару магистрі атанып Гарвардты тәмамдайды .

MBA-ны алған соң оған Salomon Brothers компаниясына жұмысқа тұрып, қаржылай мәселелермен айналысу мүмкіндігі туады.Білімді әрі алғыр жас жігіт мансап баспалдағымен өте тез көтеріледі де өзі жұмыс істеген компанияның акцияларын сатып алып, ақпарат жүйесінің басшысы болып тағайындалады. Мұның бәрі айтуға ғана оңай болғанымен шын мәнінде  орасан еңбекті талап еткен еді. Бірақ Майкл еңбегінің жемісін көре алған жоқ, себебі, Salomon Brothers сол кезде мұнай және металл саудасымен қоса түрлі ауылшаруашылығы өнімдерімен айналысатын  Phibro компаниясымен бірігіп кетіп, қысқартулар орын алды да, Блумберг қысқартуға ілігіп кетті. Бұл мәселенің бір жағы, екінші жағынан оның асқан белсенділігі жаңа компания басшыларына ұнай қойған жоқ.

Жұмыс орнын жоғалттым деп Блумбергтің көңілі түскен жоқ, қайта алдынан жаңа мүмкіндіктер ашылатынына сенді. Майкл қай жерден табыс табуға болатынын білетін еді және жаңа жұмысты бастау үшін бастапқы капиталдың мәселесі де тез шешілді.Бұрынғы жұмыс берушісіне акциясын бірнеше миллион долларға сатты.

Бизнес

top: 2.25pt;»> Блумбергтің идеясы мынау еді: түрлі компанияларға қаржыға байланысты ақпараттық қызмет көрсету. Ол үшін Майкл жеке компаниясын ұйымдастырып, өзі сияқты қысқартудың «қахарына» іліккен бұрынғы үш әріптесін шақырды. Ол кезде аталған нарықтың көшін Reuters агенттігі бастап тұрған. Бірақ Блумбергте Юлиус Рейтердің «іштен шыққан баласын» шаң қаптырып кететіндей мүмкіндік бар еді.Компьютеризация дәуірі күшіне ене бастағандықтан бұл төңкерісті бар қуатымен өз мақсатына пайдалану міндеті тұрды болашақ миллиардердің алдында.

 Сонымен 1981 жылы дүниеге Innovative Market Systems компаниясы дүниеге келді,кейінірек аты Bloomberg LP болып өзгерді. Компанияның бастапқы капиталы 10 миллион долларды құрады. Идеясы түрлі компанияларға қажет ақпарат соның ішінде қаржыға қатысы бар ақпараттарды
жеткізіп тұру еді.Ол басқа бәсекелестері сияқты ақпараттардың бәрін үйіп-төгіп бірден жеткізбеді құрылымдарға бөліп, негізгі дегендерін айшықтап барып ұсынды.

Майкл Блумбергтің бірінші клиенті атақты Merrill Lynch банкі болды. Блумберг банкті клиент болуға қалай көндірді- бұл нағыз бизнес-аңыздың өзі. Майкл инвестициялық банктің кеңсесіне алдымен компаниясының бизнес-жоспарымен таныстыру үшін өзі келді. Таныстыру рәсімі өткен соң банктен жаңа өнімнің әлеуетін байқау үшін сынақтан өткізулерін өтінді. Қор нарығына қатысы бар барлық мәліметті әп-сәтте ұсынатын ақпараттық бағдарламаның Merrill Lynch-ке ұнағаны сонша, олар осындай 20 терминалға бірден тапсырыс берді.

Блумберг осылай бірінші клиентін және инвесторын тапты. Көп уақыт өтпей Merrill Lynch  Innovative Market Systems-тен 30 миллион долларға 20 пайыз өнімін сатып алады. Бұл ақша компанияны одан әрі дамыту үшін өте қажет қаражат еді.

Енді терминал туралы аз-кем айта кетейік. Егер сіздің қор нарығымен байланысыңыз болған болса, ол суреттерді міндетті түрде көргеніңізге шүбәміз жоқ. Өйткені бүгінгі таңда Bloomberg Professionalдың терминалдары аталған құрылғы талап етілетін қаржы компанияларының барлығында  дерлік көрсетіледі. Бұл компьютер жүйесі нарығындағы Microsoft Windows
сияқты корпоративті стандарт іспетті. 
      Осылай Bloomberg Professional жүйесі уақыт өте келе өзінің сенімділігін, тұрақтылығын дәлелдеп, өнімнің ең жоғарғы сапасына қол жеткізді. Әрине, іскерлік ақпараттың сапалы, түсінікті шығуында журналистердің еңбегі орасан. Бұл мәселені шешу үшін Блумберг Dow Jonesпен The Wall Street Journalдың материалдарын пайдалану құқын беретін  келісім-шарт жасады. Бұл Одақ  1990 жылға дейін жалғасты. Одан кейін Блумберге өзінің редакторлық құрамын жасақтауға тура келді.

top: 2.25pt;»>Майкл бұл жолы еңбегін қымбатқа бағалайтын тәжірибелі мамандарды іздей қойған жоқ,талантты жастарға назар аударды.Бұл әрине, күтпеген жағдай еді.Ол осылай әлемдік жүйені қажет ақпаратпен дер кезінде қамтитын қызметкерлердің қуатты бір жасағын әзірледі. Енді қуатты шығармашыл  командаға жаңа қызмет керек болды. Блумберг радиостанция сатып алды, қаржы туралы  ақпарат тарататын телеканал ашты, қазір әлемдік қаржы сарапшыларының орталығына айналған веб-сайт ашты.

Күн өткен сайын Bloomberg LP компаниясы қаржы сарапшыларының нарығында маңызды орын ала бастады.Бүгінде ол бірден бірнеше бағыттар бойынша өте ықпалды күшке айналған. Біріншіден Майкла Блумберг компаниясының Bloomberg Professional бөлімшесі қаржы компанияларына ең қымбат терминалдар тасымалдайды, (мұндай құрылғының бір айлық жалдама құны 1,5 мың доллар). Екіншіден, компанияның тағы бір бөлімі Bloomberg Television,қаржы тақырыбы туралы хабар тарататын ең ірі телевизия жүйесі. Компанияның жеке баспасы бүгінде  Bloomberg Press, Bloomberg Persona Finance және Bloomberg Markets сияқты жобалармен жұмыс істеуде. Нью-Йорк мэрінің империясында жеке радиосы мен толыққанды ақпарат агенттігі, bloomberg.com ресурсы бар. Bloomberg LP қазіргі таңда қаржы жаңалықтарын тасымалдайтын әлем бойынша алдыңғы қатарлы компания. Компанияда жер шарының 130 қаласында 9,5 мың адам жұмыс істейді.

Майкл қайырымдылық жасауды ешқашан жадынан шығарған емес. Соңғы онжылдықтың өзінде ол  көптеген коммерциялық емес ұйымдардың мүшесі болды, өзі оқыған Джонс Хопкинс университеттінің басқарма төрағасы болып та сайланғаны бар.

Дағдарысқа дейін Майкл Блумберг Forbes журналының нұсқасы бойынша 20 миллиард доллармен ең бай адамдардың тізімінде 8-ші орында тұрған еді. Дағдарыс Блумбергтің де  бизнесіне жанама болса да әсер етті. 4 миллиардтай долларын жоғалтқанымен ең бақуатты американдықтар тізімінде 8-ші орынды сақтап қалды.  8-ді шексіздік дейтіндер де бар.

top: 2.25pt;»>Саясат

         2001 жылы Майкл Блумберг Нью-Йорк қаласының мэрі болып сайланды. Оның бұл қызметке келуіне екі жағдай себеп болды: біріншісі кең көлемде жарнама жасауға қаржылай жағдайы мүмкіндік берді(ол сайлау компаниясына өз қалтасынан 4 миллион доллар жұмсаған), екіншіден Блумбергті сол кездегі қалабасы Рудольф Джулиани қолдады.

Блумбергтің жаңа қызметке бірден белсенді араласқанын атап өту керек. Ол бірден көше бойындағы саудаға,көпшілік орындарда (бар және дәмханаларға) темекі тартуға тыйым салды.Салықты көтеріп, әкімшілік шығындарын азайтты. Осылай қаланың экономикасы өсіп, қылмыс 20 пайызға азайды, мектептердегі жағдай жақсара бастады. Бұл Блумбергтің қалабасы сайлауында екінші рет жеңіске жетуіне жол ашты.

Майкл жүйелі жұмысын одан әрі жалғастырып қала бюджетінің шығысы мен кірісін теңестіріп,  жұмыссыздық деңгейін айтарлықтай төмендетуге барын салды. Және бұл жұмыстарының бәрі нәтижелі болды. Мұндай жемісті басшылықтан кейін Нью-Йорктің қалалық заң кеңесі Блумбергке үшінші рет сайлауға қатысуға мүмкіндік берді.

Біздің елімізде мұндай саясаткер, кәсіпкер һәм қоғам қайраткерінің әлі күнге дейін болмауы өкінішті-ақ. Дегенмен,мықты кәсіпкер, танымал қоғам қайраткерін іздесек таба аламыз әрине, бірақ саясаткер табу… Қиын. Бірақ таусылуға ертерек, болашақта бәрінің өзгеретінінен үміттіміз. Қазақтан Блумбергтен де асып түсер сегіз қырлы, бір сырлы азамат шығады, әлі.

P.S.

top: 2.25pt;»>Айтқандай Блумберг саясатқа кеттім екен деп бизнесті тастаған жоқ. Бүгінге дейін компаниясында стратегиялық шешімдерді тек қана өзі қабылдайды.

top: 2.25pt;»>                                               
Бейсенкүл Жақсыбекқызы

top: 2.25pt;»>{jcomments on}

  

Яндекс.Метрика