ҒАЛЫМДА КӘСІПКЕР БОЛА АЛАДЫ

 *Қазақстанда жасалған

Ғалымда кәсіпкер бола алады

tories/Saule-Musaeva_1.jpg» width=»448″ height=»300″ alt=»Saule-Musaeva_1″ />

Қыздарға әсемдік жарасады. Сұлулыққа жаны құштар әйел баласы табиғи сұлулығын сақтап қалу үшін косметикалық заттардың көмегіне жүгінетіні бар. Әдетте, мұндай өнімдер тек қана шетелде, жақын дегенде Ресейде өндірілетін сияқты көрінеді.Олай болатын да жөні бар, өйткені нарықта Қазақстанда жасалған өнімді шырақ алып іздесеңіз де таппайсыз. Біз де осылай ойлағанбыз. Қателесіппіз ««Айсәуле» атты өндірушіміз бар екен. Шымкентте. «Айсәуле» косметикасының кіндігін кескен химия ғылымының кандидаты, Мұсаева Сәуле Әжіханқызы. Іздеп бардық, сұхбаттастық.

-Сәуле ханым, 20 жылдық ғылыми еңбегіңіздің жемісі бүгінде халықтың игілігіне айналуда. Косметиканы ойлап, оны жасап шығаруға шамамен қанша жыл кетті. Өнім шығаруды армандадыңыз, бұл белгілі, енді сол арманның іске асуында қандай қиыншылықтар кездесті? Еліміздегі кәсіпкерлікті қолдау, кәсіпкерлікті дамыту барысы жайында ойыңызды ортаға сала отырсаңыз.

-…2009 жылы «Айсауле» атты ғажайып формуласын құрастырып шығарғанда оның артынан отандық табиғи косметикалық өнімдердің дүниеге келетіні туралы, әрине, мен ойланған жоқпын. Ғылым кәсіпкерліктен бөлек әлем.

Мен көбінесе өзіміздің оңтүстік өңірінде өсетін өсімдік шикізаттарымен, яғни дәрілік шөптер мен дәнді-дақылдарды зерттеп жүретінмін. Жасым 40-қа жеткенде мені де беттің жас қалпын сақтап қалу сұрағы ойландыра бастады. Себебі, бетімнің терісі құрғақ, кез-келген кремдер жаға бермейтін «еркелеу» болды. Содан жан-жақты ғылыми әдебиеттерді, шет елдің жаңалықтарын саралай келе ой түйдім. Байқағаным, көбінесе жапон, корея және көршілес қытай мемлекетінің халқы өзінің жергілікті жерінде өсетін емдік шөптерден дайындалған өнімді пайдаланады екен және оның ағзаға әсері де жылдам. Осылай өзіміздің Оңтүстік Қазақстан өңірінің экологиялық таза аймақтарында өсетін дәрілік шөптер мен дәнді-дақылдардың ұнтағын белгілі құрамда Lactobacillusplantarum микроорганизмінде ферментациялау, яғни ашыту арқылы жаңа бетке жағатын маска пайда болды, өнімді 2,5 жылдай ғылыми-тәжірибеден өткізіп инновациялық патент алдым. Өзім жасаған масканы бетіме жаға бастадым. Біраз уақыт өткеннен кейін жүзімдегі өзгерісті байқаған құрбыларым, әріптестерім қызығушылық таныта бастады. Сосын масканы басқа адамдарға жағып, ғылыми тәжірибе жасап көруім керек болды. Сіңлімнің жақын құрбысы дәл сол кезде жаңадан монша ашып жатқан. Маған косметикалық кабинет жасақтап берді. Университеттен сабағымды беріп келіп, кешкі асты әзірлеп болған соң 2 сағатқа барып, қыз-келіншектердің беттеріне масканы күнделікті жағып жүрдім. Бет терісіне жақпаған шөптерді, дәнді-дақылдарды алып тастап отырдым. Екі жылдан кейін менің қолымда масканың дайын формуласы болды. Біртіндеп сұраныс көбейіп, үлгермеуге айналдым. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші сіңлім Мұсаева Зәуре мынау керемет «Айсауле» ғажайып өнімін отандық табиғи өнімге айналдырайық деп ұсыныс айтты.Қазір серіктеспіз. Зәуре университеттегі оқытушылық қызметін тастап осы «Айсауле» өнімінің маркетинг жұмысымен айналысады.Оның маркетолог саласындағы білімі жетілген. Ресей, шетелдің косметикалық компанияларымен жұмыс-тәжірибесі жеткілікті. Халықтың сұранысынан кейін басқа да косметикалық өнімдер дүниеге келе бастады. Осылай 2012 жылдың қараша айынан бастап жеке кәсіпкер «ЖК Мусаева С.А.» атанып жұмыс жасап келеміз. «Даму» бағдарламасы бойынша «Шымкент инновация» ЖШС хабарласып, 2013 жылы «2020 бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Казақстан Республикасы өкіметінің қаулысымен бекітілген (Хаттама №301, 13 сәуір 2010ж) мемлекеттік гранттың иегері атандық. Сол грантқа отандық табиғи «Айсауле» косметикасын өндіретін өндірістің технологиялық линиясын кұрдық.

Қазір біздің елемізде бизнес бастағысы келетін адамдарға мүмкіндік көп. Маған да «Кәсіпкерлік орталығы» ұйымдастырған курстарға қатысып, кәсіпкерлік туралы танымымды кеңейтуге тура келді. Серіктесім Зәуре Астанада «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» атты бағдарламасы бойынша оқып білім алып қайтты. Жақында «Дамудың» жолдамасымен Астана қаласындағы Назарбаев университетінің бизнестің жоғары мектебінде «2020-бизнестің жол картасы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Кіші және орта бизнестің топ – менеджменті оқудың бағдарламасы» атты тақырыпта білім алып қайттым. Шымкент қаласындағы кәсіпкерлер палатасымен тығыз байланыстамыз. Үнемі болып жатқан жаңалықтармен таныстырып отырады.

-Сіз біздің қоғамда айтыла беретін ғалым кәсіпкер бола алмайды деген қасаң пікірді бұздыңыз…

-Ғалымға неге кәсіпкер болмасқа.Болады.

-Косметикалық өнім өндіру оңай шаруа емес. Сондықтан да біздің елімізде тым кенже қалған сала деп айтуға болады. Енді өнімдеріңізбен таныса отырсақ.

-Әрине, крем- маскалар қолданушының бетінің жас ерекшілігіне сай жасалынады. «Айсауле» ғажайып маскасы барлық бет терісінің түріне арналған. Құрамындағы емдік шөптер мен дәнді дақылдардың композициясы бет терісінің ақауларын емдей отыра теріні жасарта бастайды. Ал түнгі кремді жасы 30- дан асқан қыз-келіншектерден бастап қолдануға болады. Себебі зәйтүн майынан дайындалған бұл крем бетті жұмсартып, терең әжімдерді тарта бастайды. Күндізгі кремді жастарға қолдануға ұсынамын. Себебі жүзім майынан дайындалған жақпа май майлы беттерді аздап құрғатып бір қалыпқа түсіреді.

«Айсауле» иммунитетті көтеретін және буындарды сауықтыратын «Айсәуле»атты буын шайын, ағзаны тазалау және жасарту,артық салмақтан арылтатын гельминттерге қарсы жиынтық әзірлеген.

Дәрілік шөптердің емдік қасиеттері ежелден белгілі. Шөптермен емдеу – фитотерапия – шөптердің адам ағзасына тигізер оң әсері мол болғандықтан, көптеген ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады.

Осы орайда тұтынушыларға алғыс айта кеткім келеді.Табиғи отандық өнімді жылы қабылдап, өздерінің пікір ойларын білдіріп, әр өнімнің шығуына себепкер болуда. Сабынның шығуына тұтынушылар себепкер болды. Айсауле апай масканы жақтық, күндізгі және түнгі кремдерді жактык, енді соларды жуатын сабын болса деп сұраныс жасады. Содан сабындардың жаңа инновациялык формуласы кұрастырылды. Бізде цехта сабынның 3 түрі өндіріледі. Сұлыға, сүтке,фитоға қайнатылған сабындар (бұл өнімдермен косымша www. aisaule.kz сайтынан таныса аласыздар).

Фитосабын туралы жақсы пікір бар, айта кетейін. Негізі сабын беттегі безеу кұрғатып, дақ қалдырмайды, осы мақсатта жасалған. Жас балдардың диатезіне, терінің кышымасына да таптырмас ем. Бірақ бірде бір тұтынушы аяғымда көптен кетпей жүрген зендерден (грибоктар) 2-3 жуғаннан құлан-таза айықтым деп рахметін айтты. Бұл біз күтпеген жаңалық болды.

Айта берсек қызықты пікірлер өте көп. Ол пікірлерді www. aisaule.kz сайтынан оқи аласыздар.

Ал, бетіме маска- кремдер жақпады деген адамдар ол мыңнан бір адам кездеседі. Ол кісілердің бет терісі лимонның шырынына және емдік шөптерге аллергиясы бар болуы мүмкін. Сондықтан да біз әрбір клиентімізден өнімді ұсынар алдындаол туралы сұрап отырамыз.

-Крем-маскалар таза табиғи өнімдер болғандықтан,қолдану мерзімі аз ғана мерзіммен шектеледі екен. Қолдану мерзімін ұзартып,шет елге шығару ойыңызда бар ма, жоқ тек Қазақстанды қамтыса жетеді деп ойлайсыз ба?

-Біздің өндіріп отырған өнімдеріміздің барлығының құрамы табиғи консервантсыз болғандықтан сақталу мерзімі қысқа тек тоңазытқышта сақталады. Қазіргі уақытта бетке арналған «Айсауле» атты ғажайып маскамызды кептіріп құрғақ күйінде алыс қалалар мен аудан орталығына жіберудеміз. Өнімімізді тек Қазақстанға ғана емес көршілес жатқан ТМД елдеріне және шетелдерге тарату ойымызда бар. Бұл болашақтағы жоспарымыз болып отыр. Себебі, ол жақтанда сұраныстар түсуде.

-Тұтынушыларыңыз сіздердің тауарларыңызға ерекше қызы­ғу­шылық танытып жатқандығын әлеу­меттік желілерден байқадық. Өнім тек тапсырыс аясында ғана жасалады.Тапсырыс көп пе, тапсырысты дер кезінде орындауға үлгеріп жатырсыздар ма?

-2013 жылы Қазақстан телеарнасындағы «Әйел бақыты» хабарына қонаққа шақырылып сұхбат бердім, сол арқылы бүкіл қазақстандықтар естіп хабарласып, тілектестік білдірді. Содан бері еліміздің біраз қаласында біздің таратушы-көмекшілеріміз жұмыс жасауда. Мысалы Астана, Атырау, Ақтау, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе және т.б. қалалар. Өнімдерді термо-сөмкелермен жіберудеміз. Емдік шөптердің жиынтығынан құралған шөп шайларымызда бар. Ол ағзаны тазалайды. Шетелдің қымбат косметикасынан гөрі табиғи отандық өнімдердің пайдалы екенін халық түсіне бастады. Тапсырыс көп, тапсырысты дер кезінде орындап келеміз. Біртіндеп жұмысшылар санын көбейтуге тура келіп тұр. Жақын арада цехтарды бөліп кеңейту жұмыстары жүргізгелі жатыр.

-Өзіңіз ұстаз әрі ғалымсыз. Өнімді жасауға баулып жүрген шәкірттеріңіз бар ма?

-Әрине, шәкірттерімнің саны күннен күнге өсуде. Келесі жылдан бастап жас мамандарды жұмысқа алу жоспары тұр.

-Оңтүстік өңірі ыстық. Жазда бетті күн көзінен қорғайтын кремдер өндіруді қолға алған боларсыз?

-Ия, «Айсауле» атты бетке арналған ғажайып маскасы күн көзінен қорғап отырады. Яғни, күнге күйіп келген бетке «Айсауле» маскасын жағып 20 минут ұстап жуып тастасаңыз орныда қалмайды.

-Өнім дайындауда білім мен тәжірибеге сүйендіңіз. Енді кәсіпкерсіз. Кәсіпті дөңгелетіп кету үшін адамға қандай қасиеттер керек деп ойлайсыз. Алдағы жоспарларыңызбен бөлісе кетсеңіз?

-Болашақта өндірістің шеңберін онда жұмыс жасайтын жұмысшылардың санын көбейту барысында жұмыс жасаймыз. Біздің жеке кәсіпкерлік енді бизнесті дамытудың жолына түсті. Бір емес 3 және 4 цех ашылғалы тұр.Ол үшін облыстық индустриялық орталықтан жер алу, цехтар салу, тауарымыздың құтыларын және этикеткаларын заманауи деңгейге көтеру жұмыстары жоспарда бар. Бірінші Шымкентте одан кейін басқа қалаларда «Айсауле — табиғи отандық косметика» деген атпен дүкен ашсақ па дейміз.Оған инвестор керек, сол бағытта жұмыс жасап жатырмыз.

Өткен жылдар бізге табысқа жету үшін көп еңбектенуді үйретті, Үкіметіміз, халықтың қолдауына ие болдық, жылы қабылдаулары үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Өз игілігің үшін еңбек етсең, халықтыңда игілігі артады» деген нақыл сөзі бізге қанат береді. Бұл жағыну емес, ШЫНДЫҚ.

Ал, кәсіпті өркендетуге шыдамдылық пен таза еңбек керек. Қазақ «Сабыр түбі сары алтын» демей ме… Кездескен кедергіге қарсы тұра алатын тек білім, мақсат, шыдамдылық пен еңбек.

Зылиха Жантасова

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика