ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ ТАНЫМДЫҚ САБАҚ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы №3 өрт сөндіру бөлімі өңірдегі ең тұңғыш құрылған өрт сөндіру бөлімі болып табылады. Бүгінде бұл жерде 60-қа жуық маман халыққа адал еңбек етіп келеді. Күннен-күнге көркейіп, үлкейіп келе жатқан миллионды қаланың орталығында орналасқан бұл бөлім күнделікті тілсіз жауды ауыздықтаумен қатар тұрғындарға, сондай-ақ түрлі мекемелердің қызметкерлеріне қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көмекке сақадай сай болу үшін сабақтар өткізіп, дайындықтарын да пысықтайды.

Бөлім бүгінгі кезекте 35748 әскери бөлімінде өрт-тактикалық сабақ өткізіп, қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді, бөлімнің арнайы өрт сөндіру командасымен тәжірибеде алмасты. Сабақ барысында жарылыс қаупі бар нысандарда өрт орын алған жағдайдағы іс-қимыл жете пысықталды. Бөлім бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Сержан Абдиханов техникалар мен жабдықтардың артықшылықтары туралы кеңінен айтып, көрсетіп те берді.

Әскери бөлім ғимараты жеке құрамға таныстырылып, өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді. Мұндай іс-шараның маңызы зор екендігін сабаққа қатысқандар өз алғыстарымен білдірді.

Қызметтің қоғаммен байланыс тобы

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика