ВОДОПЬЯНОВ КӨШЕСІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Абай ауданындағы М. Водопьянов көшесінде №1 «А» көп пәтерлі үйдің құрылысы қазан айында аяқталған болатын. Қала әкімінің жіті бақылауында тұрған мәселе өз шешімін тауып, бүгін «Шымкент» ӘКК» АҚ өкілдері, Абай ауданы әкімінің орынбасары жаңа үйдің тұрғындарына пәтер кілттерін табыс етті.

Былтыр өрт салдарынан баспанасыз қалған тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Өрттен зардап шеккен тұрғындардың мәселесін шешу мақсатында өрт болған үйдің орнына «Шымкент ӘКК» АҚ арқылы жаңа бес қабатты 85 пәтерлі тұрғын үй бой көтерді. Жобаның құны – 550,1 миллион теңге. Жаңа тұрғын үй «Otau Group» ЖШС, «Ақ Ордасы корпорациясы», «Арт-құрылыс» компанияларының демеушілігімен тұрғызылды.

Әрбір тұрғынға ауданы 28,71 шаршы метр болатын 1 бөлмелі пәтердің кілттері табыс етілді. Пәтерлер ішкі есіктер, еден жабыны, пластикалық терезелер, кіреберістің темір есіктері және электр қуатымен жабдықталған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика