БИЫЛ 8 ГҮЛЗАР АБАТТАНДЫРЫЛСА, КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ 4,8 ГА ЖӘНЕ 45 ГА ҚҰРАЙТЫН 2 САЯБАҚ ҚҰРЫЛАДЫ

Бүгінде Шымкент қаласында энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан 8 саябақ, 38 гүлзарды күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Биыл 8 гүлзарды абаттандыру жоспарланса, оның ішінде, 4 жоба «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында орындалды.

Атап айтқанда, «Шәмші әлемі», «Чернобыль», Әл-Фараби алаңындағы гүлзарларды абаттандыру және атшабар аумағын көгалдандыру барысында 4,75 га газон төсеу, 30850 шаршы метр плиталық төсеніш салу, 512 жарықшам, 275 орындықтар мен урналар орнату, 1585 дана қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, «Қасірет» мемориалын абаттандыру, ішкі қыраттарға ағаш-бұтақшалар көшеттерін отырғызу жұмыстары қолға алынды. «Қасірет» шатқалын көгалдандыру барысында 7350 дана декоративті ағаш көшеттері отырғызылып, 35 дана жарық шамдары, 24 жерге орындықтар орнатылды.

Қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, 2021 жылы 2 саябақтың құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Атап айтқанда, келесі жылы Алатау көшесіндегі ескі полигон аумағына 4,8 га, А-2 айналмалы тас жолы бойындағы ескі полигон аумағына 45 га саябақ құру жұмыстары жүзеге аспақ.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика