ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ҚАЛАЙ?

Бүгін жұмыс барысында қаладағы бірқатар жөндеу жұмыстары жүріп жатқан нысандарды арнайы барып, барысымен танысып қайттым.

Қазір қаладағы ең үлкен жобаларымыздың бірі — Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрығы. Онда 700 м су және 500 газ құбырларының оры қазылып, 75 темірбетонды қадалар орнатылып, 5100 м3 топырақ қазу жұмыстары жүргізілуде. Айдың аяғына дейін су және газ құбырлары желілерін аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, әуежайдың жаңа терминалы маңындағы салынып жатқан жолдың құрылысы мен «Азат» мөлтек ауданындағы жолдардың жайымен танысып қайттым.

Биыл бірқатар жолдарды ретке келтіріп, шалғайдағы елді-мекендерге жаңа жол салғынымызбен, алдағы уақытта қажет ететін, жоспарланған жұмыстар бірталай.

Сол үшін қала тұрғындарынан түсіністікпен сабыр сақтап, аялдамаларымыз бен автобустарымызды күтіп ұстауын сұраймыз.

М.ИСАҚОВ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика