Бас Мүфти: Иманымыз бен бірлігімізге бекем болайық

tories/banner-of-mosques-in-over-bright-night-sky-Ramadan-and-Eid-Series.jpg» width=»250″ height=»188″ alt=»banner-of-mosques-in-over-bright-night-sky-Ramadan-and-Eid-Series» style=»margin: 10px; float: right;» />

       2014 жылдың 28 маусымы – қасиетті рамазан айының бірінші күні. Қасиетті айдың жақындауына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы дәстүрлі Үндеуін мұсылман бауырларына жолдады.  

       Рамазан – тәлім мен тәрбие, жасаған жақсылықтардың сауабы еселеніп жазылатын, Жаратушы Иеміздің жарылқауына, рақымына бөленетін ай. Олай болса, Алланың теңдессіз сыйына ізгі де, қайырымды іс-әрекеттерімізбен қол жеткізуде аянып қалмайық! Имандылығымызды күшейте түсейік!
        Қасиетті айда күнәға жетелейтін, Алланың ашуына шақыратын барлық жаман істерге жол бермесек екен. Қоғамдық көліктерде жол ақысы арзандатылса, күнделікті тұтынатын заттарға жеңілдіктер жасалса, асханаларда ауызашар мезгілінде қайырымдылық акциялар ұйымдастырылса, ұжымда, кәсіпорындарда, әсіресе, құрылыс салаларында ауыз бекіте жүріп жұмыс істейтін бауырларымызға құрмет көрсетіліп, түсіністік танытылып жатса, нұр үстіне нұр дер едік. Рамазан айында берілетін Құдайы тамақтар ауызашар уақытында ұйымдастырылса.
Асыл дінімізде әрбір қайырлы амал – садақа. Адасқанға жол көрсету де – садақа, жабыққанды жұбатып, жылы сөз айту да – сауапты амал. Рамазан айында осындай ізгі істерге ден қойғанымыз абзал, ағайын!
         Қымбатты отандастар! Иман бұлағынан сусындаған адам арына дақ түсірмейді. Өйткені, Ислам адамгершілік құндылықтарды қастерлеуге үндейді. Осы орайда баршаңызды қасиетті Рамазан айын мұқтаж жандарға көмектесумен, жетім мен жесірге, қарттар мен мүгедектерге мейірім көрсетіп, сауапты амалдармен, ізгі істермен өткізуге шақырамын. Алла тағала қасиетті Құранда: «Жақсылықта, тақуалықта бір-біріңе көмектесіңдер», – деп бұйырған («Мәида» сүресі, 2-аят).
         Жарылқаушы айда жасаған амалдарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз басқа да айларда жалғаса бергей! Алла тағала баршамыздың екі дүниеде де жүзімізді жарық, әр қадамымызды берекелі еткей! Тілегіміз қабыл, мұратымыз асыл болғай! Байлығымыз – иманымыз бен бірлігімізге бекем болайық, делінген.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика