2024-07-27

Жуырда Хромтау қаласында волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХІ Қазақстан чемпионатының бірінші туры өтті.

Жуырда Хромтау қаласында волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХІ Қазақстан чемпионатының бірінші туры өтті. Оған жеті команда қатысты. Олар — «Алматы», «ТҰК «Қазхром» (Хромтау), «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен), «Атырау», «Есіл» (Қызылжар), «Конденсат» (Орал) және «Павлодар» командалары. «Павлодар» командасы бұл дүбірлі додаға биыл бірінші рет қатысып отыр. Бұл —  Ұлттық лиганың Атқару комитеті мен жаттықтырушылар кеңесінің шешімі.

    Алаң иелері — «ТҰК «Қазхром» командасы алғашқы турда үздіктер қатарына ене алмады. Алғашқы турдың алғашқы ойынында-ақ олар «Павлодар» командасынан 1:3 есебімен жеңілді. Жалпы, бірінші тур қорытындысы бойынша, «Алматы», «Атырау», «Павлодар» командалары алда келеді. Ал, екінші тур ойындары 7-16 желтоқсанда Павлодар қаласында өтеді.

     Ел чемпионатының 3-5  турлары: 7-16 ақпанда — Өскеменде, 5-14 наурызда — Атырауда, 5-14 сәуірде Алматыда өтеді. Жүлдегерлер осы бес тур қорытындысы бойынша анықталады. Бүгінге дейінгі ел біріншіліктерінде алматылық командалар он рет топ жарып, чемпион атанды. Соның ішінде «Алматы» командасы соңғы бес жыл бойы (2008-2012 жж.) чемпион атағын ешкімге бермей келеді.

Міржақып Айдарбек, Ақтөбе облысы,

«Қызмет» ақпарат.

{jcomments on}

Яндекс.Метрика