АЛДАҒЫ БЕС ЖЫЛДА 85 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖҮРГІЗУ ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНДІ

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен баспасөз брифингте мәлімдеді.

– Қазір қалада 7020 орындық 13 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 5100 орындық 8 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.Алдағы 5 жылда 63 882 орындық 85 мектептің құрылысын жүргізу бойынша арнайы жоспар әзірленді. Осының есебінен ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толығымен шешіледі.

Қашықтықтан оқуды ұйымдастыру мақсатында ағымдағы 47 330 компьютер алынды. Нәтижесінде жыл басында 28 оқушыға бір компьютер келсе, қазір 4 оқушыға бір компьютер келеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылы мұғалімдер мен тәрбишілердіңеңбекақысы 25 пайызға көтерілді. Келесі жылы тағы 25 пайызға көбейетін болады.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика