ЕЛІМІЗ БОЙЫНША АЛҒАШ РЕТ «APOLLA» РЕНТГЕН АППАРАТЫ ОРНАТЫЛДЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.

– Шымкентте қалалық №2 ауруханаға компьютерлік томография және елімізде алғаш рет Италиядан әкелінген «Apolla» рентген аппараты орнатылды. Аталған құрылғының көп функционалды телебақылаушы үстелі бар. Отаның біршама түрін жасайтын құрылғы диагностиканы барлық режимде цифрлық зерттеу жүргізу мүмкіндігіне ие. Мәселен, флюроскопия, рентгенография, рентгеноскопия, томография және сатылы ангиография, одан бөлек, жатыр ауруларының эмболизациясы мен бауырдың қатерлі ісігін емдейтін бірегей аппарат. Бұл құрылғыны құрастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін, желтоқсан айының ортасында іске қосамыз. Ал коронавирустық инфекциясы жайлы айтсам, бүгінде қалада эпидемиологиялық ахуал тұрақты, – деді Бақытжан Жолдасбекұлы.

Спикердің сөзінше, Шымкентте әлемге әйгілі «Ульзибат» әдісімен емдейтін ресейлік дәрігер, жоғары медицина маманы Николин Валери қаладағы сал ауруына (ДЦП) шалдыққан науқас балаларды қабылдады. Қазіргі таңда 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында профессордың қабылдауында болған балаларға оңалту жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, қалада осы жылдың 24 наурызынан 3 желтоқсанына дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 5 381 жағдайы (2 740 симптомды, 2 641 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 5 160 науқас емделіп шыққан.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Серік Қосай

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика