ЖЕДЕЛ САТЫЛАР ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлерге лифтлерді жеткізумен айналысатын «Шымкентлифтмонтаж» компаниясының жұмысымен танысты.
Қазір Шымкенттегі көп қабатты тұрғын үйлерде 358 лифт бар. Соның 333-і жұмыс істеп тұр. Қалған 25-ін ауыстыру қажет.

Биыл қалада көп қабатты 6 үйдің 12 лифті жаңартылып жатыр. Соның 10-ын осы «Шымкентлифтмонтаж» ЖШС-і ауыстыруда. Қалған екеуін «DOSTAR лифт» ЖШС-і жаңартады. Қала әкімі компания басшыларына жұмысты барынша сапалы орындау керектігін ескертті. Өйткені, бұл — тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететін мәселенің бірі.

Айта кетейік, 2021 жылы көп қабатты 13 үйдегі 25 лифт жаңартылады деп жоспарланып отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика