2024-07-27

БАҚ туралы заңды білесіз бе, әріптес?

         Қарашаның соңында ОҚО ішкі саясат басқармасы және «Алтын қауырсын» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жас журналистерге арналған «БАҚ-ындағы құқық бұзушылық және сөз бостандығын асыра пайдаланушылық, одан шығу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиналғандардың сауалдарына заңгер Ләззат Қыдырова, ОҚО сотының өкілі Бауыржан Тәңірбердиев, «Южный Казахстан» газетінің редакторының орынбасары Кеңес Исмаиловтар жауап берді.

tories/2013-11-29_15.57.36.jpg» width=»300″ height=»254″ alt=»2013-11-29_15.57.36″ style=»float: right;» />

        Мықты журналист мынаны білуге тиіс екен:
        Ең алдымен Конституцияны жақсы білуі тиіс. Сонымен қатар, БАҚ туралы заңды толықтай меңгеруі міндетті. Шалыс басатын тілшілер БАҚ туралы заңды ұстана алмайтындар. Журналист екенмін деп өздерін « құдайдай» сезініп кететіндер жоқ емес, бар. Бізге «құдай» емес, журналист болу керек. 
        Журналист болу үшін:
        Үлкен жауапкершілік керек. Журналист болу бұл – жауапкершілікті арқалап жүру. Сенің кішкене ғана жазған мақалаңнан талай тағдырға әсер етіп, талай өзгерістер болуы мүмкін.
        Сөз бостандығы бар екен деп тілді қаттырақ «ұзартып» жібергеннің барлық уақытта пайдалы бола бермейтінін ойлағанымыз жөн. Жаз әрине, бірақ нақты дерегімен жаз, дәлелдей алатыныңмен жаз. Кез-келген жерде, кез-келген жағдайда орнына қойып бере алатындай шындықты жаз. Қараны ақ, ақты қара етіп жазудың еш қажеті жоқ. Не жазылса да заңға сай, құқықтан аттап кетпеген абзал. Заңнамада журналистер сөз бостандығын алғанмен де оларға да шектеулер қойылған тұстар кездеседі. Мемлекеттік құпияны немесе заңмен қорғалатын өзгеде құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге, экстремизм және терроризмді насихаттауға және ақ-тауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық тәсілдері мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есірткі құралдарын,психотроптық заттар мен прекурсорларды, сондай-ақ порнографияны насихаттауға жол берілмейді. 
        «Өзін юрист сезініп кететін журналистер де бар. Журналист заңды қанша мықты білседе ол заңның маманы емес, мықты журналист ешқашан проблеманы сотқа жеткізбейді. Бізде сөз бостандығы бар, бірақ оны өзінің жолымен қолдану да бар. Негізінде сөз бостандығы жағынан 1 орында тұрған Исландия мен Норвегия». Бұл – Кеңес Исмаиловтың сөзі.
Дөңгелек үстелде талқыланған және айтылып өткен мәселелердің негізгісі осы. 
Ж.ҮСЕНТАЕВ «Қызмет» газеті
Яндекс.Метрика