2024-07-27

БІЛІМ САЛАСЫ реформалардан тұралап қалды

        Мұндай пікір Бәйдібек ауданында айтылды. Халықтың айтарын тыңдауға Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы» фракция мүшесі Ұласбек Сәдібеков келді.
        Кездесу барысында депутат ҚР Парламенті қабырғасындағы бүгінгі күнге дейін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кең көлемді баяндама жасады. Мұнан кейін тұрғындар өз ұсыныстарын ортаға салды.
        Төлешов Бақберген — аудандық кәсіподақ ұйым төрағасы, партия ардагері кәсіподақтар туралы заң жобасына орай өзінің ұсыныстарын ортаға салды. Салалық кәсіподақтарды біріктіру қажет екенін, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенділіктерін көтеру керек екендігіне тоқталды.
        №1 мектеп –интернат директоры, «Ағарту» БПҰ төрағасы Дүйсенбеков Тұрсынәлі — Білім мен ғылым саласындағы жиі-жиі қабылданатын эксперимент пен реформалардан тұралап қалғанын тілге тиек ете келе, ауыл спортын дамыту қажет екенін, аудандық спорт комплексін салу қажет екенін айтты.
        Ауыл тұрғыны, зейнеткер Игіліков Әбдраш ақсақалды отын-су мәселесі алаңдатады.Қыстық отын көмірдің тоннасы 14-20 мың теңгеге дейін көтеріліп кеткені тұрғындарды қиналтып отыр дейді қария.
tories/-.jpg» width=»175″ height=»263″ alt=»-» style=»float: right;» />

        Тұржан Серікбай – Оңтүстік Қазақстан газетінің меншікті тілшісі. Партия ардагері. Дене шынықтыру және спорт туралы қабылданатын Заңға өзінің ұсыныс- пікірін білдірді. Аудандық спорт комитетінде 3 адам істесе, оның екеуінің мамандығы сәйкес емес, бұл қалай?-дейді ол өз сөзінде.
        Аудан жұртшылығы тарапынан айтылған ұсыныстарды мұқият тыңдаған мәжіліс депутаты сауалдарға толыққанды жауап беріп, аудан халқын еліміздің дамуына аянбай үлес қосып, осылайша бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.
        * Сіз сайлаған депутап
        Айтарыңыз бар ма?
        Сізді қандай мәселе толғандырады? Егер өзіңіз қалап сайлаған депутатпен кездесе қалсаңыз, не туралы сұрар едіңіз? Маңызды сауалыңыз болса, оған жауап алудың сәті түсіп тұр.
        2013 жылғы 28 қараша – 7 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ұ.Сәдібеков, С.Нұрғисаев, У.Бишимбаев, Р.Халмурадов, О.Асанғазы Оңтүстік Қазақстан облысына кезекті іс-сапармен келіп, облыс тұрғындарымен кездесулер өткізуде. 
        ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі У.Бишимбаев бүгін, яғни 6 желтоқсан күні «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалында жергілікті мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізеді.

Яндекс.Метрика