2024-07-27

БҮГІН СОЧИ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АЛАУЫ ТҰТАНАДЫ!

tories/1367842090_so4i.jpg» width=»300″ height=»225″ alt=»1367842090_so4i» style=»float: right;» />

       Сочи-2014: Қазақстан қандай нәтиже көрсетеді?

       Қысқы спорт түрлері қазақтың оң жамбасына келе қоймайды. Десе де ауызды қу шөппен сүртуге келмейді. “Сочи-2014″ Қысқы олимпиадасынан Қазақстан кем дегенде екі медаль жеңіп алуға үмітті. Бұл туралы бүгін Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов мәлімдеген болатын.
       Олимпиадаға қатысатын қазақстандық құраманың көрсететін нәтижесі туралы шетелдік мамандар да өз болжамын жасап жатыр. 
       ҚАЗАҚСТАН 1 АЛТЫН АЛАДЫ
       Бұл орыс сарапшыларының болжамы. Ресейдің «Спорт-Экспресс» басылымы Сочиде 25 елдің өкілдері жүлдеге ілінеді дей келе, 21-інші орынға Қазақстан тұрақтайды деп болжам жасайды. Олардың пайымынша, Қазақстан құра-масы Украина мен Беларусь мемлекеттерінен оза шауып, жалпы командалық есепте Хорватия және Латвиямен бір орынды бөлісіп, жалғыз алтынды қанжығамызға байлайды екенбіз. Ол – Алексей Полторанин.
       Мұндай болжамдар жайдан-жай жасалмайды , әрине. Рейтингті «бағып» отырғандар Алексейдің Ванкуверде үздік бестіктен көрінгенін, одан бері де биыл Италияда өткен «Тур де Ски» көпкүндігінде қатарынан екі алтынды қанжығасына байлағанын есепке алған.
       «Спорт-Экспресс» газеті Полтораниннен басқа спортшыларымызды Сочи олимпиадасында жүлдегерлер қатарынан көре алмаған.
       ҚАЗАҚСТАН 1 КҮМІСПЕН 24-ОРЫНДА
       «INFOSTRADA»-ның болжамы
       Голландияның спорт сарапшылары Сочи олимпиадасын-да қазақ спортшылары бір ғана жүлдені еншілейді деп бол-жайды. Олар Алексей Полторанин үшінші орынға табан тіреп, Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 24-орынды місе тұтады,-дейді. Әлемдегі жетістігі бар әр спортшының соңғы халықаралық жарыстарда көрсеткен нәтижесіне қарай өздерінің виртуалды кестесін ай сайын жаңартып отыратын батыс басылымдары жалпы командалық есепте Норвегия, АҚШ, Канада құрамалары алғашқы үш орыннан көрінеді деп топшылайды.
Қазақ «арық айтып, семіз шық» — дейді. Ендеше, арық айтқандардың болжамының тас-талқанын шығару спортшыларымыздың қолында.

Яндекс.Метрика