2024-07-27

БАҚ-пен байланысымыз жақсы

       Сот процестері өз деңгейінде өтсе, қабылданған сот шешімі әділ болады, бұл өз кезегінде судьялардың беделін арттырып, халықтың сотқа деген сенімін арттырады. Сарыағаш аудандық соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыста ұстанатын басты мақсаттарының бірі осы.
Рахманберді Ермахан Еркінұлы төрағалық ететін № 1 Сарыағаш аудандық сотының ұжымы өткен жылы заңды түсіндіру, халықтың құқықтық сауатын арттыру тақырыптарында дөңгелек үстел басындағы әңгімелер өткізуді жүйеге түсірді. 
       Судьялар мен сот қызметкерлері сот жүйесіндегі жаңалықтар, елді елеңдеткен оқиғалар турасында қабылданған шешімдер жөнінен газеттерге сұхбат беріп, халықты дер кезінде құлақтандырып отыруға әбден машықтанып алды,-деді төраға жыл қорытындылаған есебінде.
Бұқарамен байланыста БАҚ қызметін тиімді пайдалануда Жеңіс Тілләбайұлы Мақұлбаев төрағалық ететін «Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотының» жұмысында да жаңашылдықтар байқалады.
       — Жергілікті басылымдарда сот жүйесі туралы жарияланған 40-қа тарта сұхбат пен мақаланың авторлары осы ұжымның қызметкерлері мен судьялары.БАҚ-пен байланысымыз жақсы, — дейді Жеңіс Тілләбайұлы.
       Сот әділдігін жүзеге асыру және сот беделін көтеру мақсатында сарыағаштық сот орындары бұқаралық ақпарат құралдарымен биыл да тығыз байланыста жұмыс істемек.
Ж.ҚАСЫМ.
Яндекс.Метрика