«Южавтотранс» шағымданып еді…

       Жуырда, Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасына «Южавтотранс» қауымдастығынан Шымкент қаласының «Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөлімі тарапынан орын алған, жолаушыларды автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру кезіндегі ҚР заң талаптарының бұзушылығы туралы шағымы келіп түсті. 
       Кәсіпкерлердің шағымында, жолаушыларды және багажды тұрақты автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру келісім шарты, жолаушылар тасымалымен айналысатын мекемелердің құқықтарының бұзылып жатқандығын көрсеткен. 
       ОҚО Кәсіпкерлер палатасының жүргізген сараптамасынан кейін, мемлекет тарапынан кәсіпкерлік субьектілердің қызметін еркін жүргізуіне толық көлемде қолдау жасалып отырғанына қарамастан, Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарымен керісінше заңда көзделмеген қосымша кедергілер белгілеп, олардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілгендігі анықталды.
       Аталған мәселе бойынша Кәсіпкерлер палатасы облыстық Прокуратураға арнайы сұраныс хат жіберді. Өз кезегінде, прокуратура органдары орын алған заң бұзушылық фактісін ескере отырып, Шымкент қаласының әкімдігіне заң бұзушылықтарды жоюға және келешекте болдырмауға ұсыныс хат жіберілді. 
ОҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика