2024-07-27

Ғылыми бәйгеде озып шықты

       Ресейдің Санкт-Петербург қаласында V Халықаралық Медициналық конгресс өткен болатын. Жасы 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар, студент, магистрант-докторанттар арасында өткен конгреске Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті атынан қос білімгер қатысып, 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.
       117 мемлекет қатысқан ғылыми бәйгеде Медицина факультетінің 3-курс (ЖМ-102 тобы) студенті Ғани Каримов, Искандер Сейталин (ОМ-030) жеңіске жетті. Ғылыми жетекшілері м.ғ.к., доцент Назарбек Жұманазаров. 
       Бәйгеден озып келген жас ғалымдарымызды университет президенті, У.Әбдібеков пен вице-президент М.Йылдыз мырзалар құттықтап, алғыс білдірді. 
PR медиа орталығы.
Яндекс.Метрика