ОҢТҮСТІКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР КӨРМЕСІ

       18 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық Кәсіпкерлер палатасы мен «Шымкент-инновация» компаниясының ұйымдастыруымен «Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық жобалары көрмесі» өтті. Аталған көрмеде облыстың инвестициялық мүмкіндіктері қаралып, яғни көрмедегі жобалар мен озат бизнес идеялар инвестиция тарту мүмкіндігіне жұмылдырылады. Көрмені ұйымдастыруға РБК банкі қолдау көрсетті.

       Іс-шараның басты мақсаты облыстағы инвестициялық іскерлік қатынасқа қолдау көрсету және инвестициялық климатты жақсартып, отандық өнімді дамыту. Ең бастысы, экономикалық интеграцияны қолдана отырып, аймақ аралық өнімдердің өтімділігі мен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Соның ішінде, кәсіпкерлердің сұрақтарын шеше отырып, шағын және орта бизнестің үлесін көтеру.
       Көрмеде экономиканы дамытуда маңызды тұстары және әлеуметтік сала назардан тыс қалмай, өткізу ісіне айырықша мән беріліп, ОҚО-ғы технологиялық, инновациялық және инвестициялық потенциялы қатысушылардың назарына ұсынылады.
       Осы мақсатта, көрме еркін қарым қатынас алаңына айналып, бизнеске қатысты байланыс орнатуға таптырмас мүмкіндік ашылмақ.
       Көрмеге Өзбекстан, Польшаның қаржы ұйымдары, аймақтық және шетелдік инвесторлар (Малайзия, Ресей, Беларусия және т.б). ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр Құрбанбаева, ОҚО әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, Ұлттық компаниялар басшылары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министірлігі жанындағы Өнеркәсіп және Инвестиция комитеттері өкілдері, БАҚ тілшілері мен кәсіпкерлер қатысты.
       Көрменің бағдарламасында қатысушыларға облыс аймағындағы 100 инвестициялық жобалар және бизнес идеяларды іске асыру жағын таныстырылып, индустриялды, туристік, агроиндустриялды және сауда логистикалық аймақтардан тегін жер телімін алу мүмкіндігі, жеңілдетілген инвестициялық жобаларды қаржыландыру алуға мүмкіндік алды. 
       «Бүгінгі көрме облыста кәсіпкерліктің дамуына түрткі болып, бірқатар кәсіпорындар жандана түсетініне мен кәміл сенемін – деді ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр Құрбанбаева. Көрме барысында облыстық Кәсіпкерлер палатасы дайындаған 50 локомотивті жобаның 17-сі көрсетіліп, оларға инвесторлар қызығушылық білдірсе, 3 жобаны іске асырамын дейтін кәсіпкерлер ниет білдіріп отыр, – деді  Г. Құрбанбаева. 
       Мәскеулік сауда орталығы Шымкенттік кәсіпкерлермен бірлесіп облыс аумағында ет өнімдерін шығаратын өндіріс салуды келісіп, одан шығарылатын өнімді Ресей нарығына жеткізу туралы құжатқа қол қойды. 
       Сонымен қатар, малайзиялық MARDITECH компаниясы, Оңтүстік Қазақстан облысында халықаралық деңгейдегі халал өнімдерімен айналысатын ХАБ орнату көздеп отыр. 
Көрме барысында ОҚО Кәсіпкерлер Палатасы мен бірге бірқатар ынтымақтастық меморандумға қол қойылған болатын.
       
      ОҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика