Кенеге қарсы дәрі де, хауыз да тапшы

       ОҚО-да қырым қанды қызбасының алдын алып, кенемен күресуге дәрі жоқ. Қазірдің өзінде облыс бойынша 300-ден астам азаматты кене шаққан. Ал, төрт түлік малды дәрілеу шараларын сәуір айынан бастауды белгілеп қойған жергілікті билік тек қағаздағы қаулыны ғана көрсетіп келеді. Жоғарыға жалтақтаған Шымкенттің мал дәрігерлері өткен жылдан қалған 5 қап дәріге үміт артып отыр. 
       Арнайы препаратты айтпағанда Шымкент қаласында ұсақ малды тоғытатын әуіз де жеткіліксіз. Қалалық ветеринария бөлімінің мамандары темірден жасалған 8 әуізді қоятын жер таппай әлек. Шаһарға қосылған 40 елдімекеннің орнында Кеңес Одағының көзі болған бетон шұңқырлар ғана қалған. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал тоғыту жұмыстарының кешеуілдеуін ауа райының қолайсыздығымен түсіндіреді. Облыс бойынша жиналған 2 мыңнан астам кенені тексерген мамандар арасынан қырым қанды қызбасын тасымалдаушыларды да анықтапты. 
  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика