Қазақстан Ресейді кешірді

       Жуырда БҚО Бөкей ордасы ауданының Шоңғай ауылына ресейлік зымыранның бөлшегі құлаған болатын. Дегенмен, қазақстандық тарап бұл жайтқа байланысты Ресейден ешқандай материалдық шығын сұрамайтын болды деп хабарлайды Bnews.kz аталған аудан әкімдігіне сілтеме жасап. 
       Бөкей ордасы ауданы әкімінің айтуынша, 27 наурыз күні Капустин Яр полигонынан ұшырылған зымыран бағытын өзгертіп, Шоңғай ауылынан 500 метр жерге төрт бөлініп құлаған.
«Ауадан және жерден талдау жүргізу үшін үлгілер алынды. Зымыран қатты отынның көмегімен ұшқан. Одан ешқандай залал келген жоқ, азаматтарымыз дін-аман. Ресейлік мамандар топырақ құнарлығын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді, біз қылмыстық іс қозғаудан бас тарттық» деді Бөкей орда ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов. 
  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика