ІШІМДІК ІШУ АЗАЯТЫН БОЛДЫ

tories/1057474_46b7b494_16.jpg» width=»300″ height=»237″ alt=»1057474_46b7b494_16″ style=»float: right;» />

       Таяуда Парламент Мәжілісі «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Аталған заң жобасы спиртті ішімдіктердің сатылу уақытын 15 сағатқа дейін шектейді. Күшті алкоголь өнімдерін сату уақыты он бес сағатқа дейін, яғни мейрамханаларды, дәмханалар мен барларды қоспағанда, кешкі сағат 21-ден бастап, келесі күнгі 12-ге дейін жұмыс және демалыс күндеріне бөлінбестен сатуға тыйым салынады. Бұл тыйым  30 градустан жоғары болатын спиртті ішімдіктерге байланысты салынған. Ал алкогольдік үлесі 30 градустан  төмен ішімдіктерді сатуға бұрынғыша түнгі 23-тен таңғы 8-ге дейін тыйым болады. Сондай- ақ ішімдіктердің сатылу орындары саны да шектелетін болады. Жаңа заң жобасымен дүңгіршек, дүкендерде ғана емес денсаулық сақтау, білім беру, балалар мекемелерінің ғимараттарында, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық құрылыстарда да ішімдік сатуға тыйым салынатын болады. Сонымен қатар автожанармай құю стансаларында тыйым салу белгіленеді. Заңды әзірлеушілер: «заң жобасын әзірлеу еліміздің экономикалық мүдделерін, экономикалық қауіпсіздігін, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау қажеттігінен туындап отыр» – дейді.

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика