Әкім спорт нысанының алғашқы кірпішін қалады

Шымкент қаласындағы №63 негізгі орта мектеп ғимараты 2012 жылы 300 орынға арналып салынған. Қазіргі таңда «Отано ЛТД» ЖШС білім беру мекемесіне қосымша асхана, шеберхана, спорт зал құрылысын бастап кетті.

Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, ғимарат құрылысына тек отандық құрылыс материалдары қолданылып жатыр екен. Биыл пайдалануға берілуі тиіс ғимараттың қазірде іргетасы құйылған. Бүгін нысанның алғашқы кірпішін Мұрат Дүйсенбекұлы қалады.

Сондай-ақ, Мұрат Әйтенов Н. Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектепке барды. 750 орынға арналған білім беру мекемесі 1963 жылы салынған. Бұл нысанның құрылысын «Өмірзақ» ЖШС жүргізіп жатыр. Мұнда 300 орындық қосымша ғимарат бой көтереді. Мектеп ел игілігіне 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика