МАГИСТРАЛДЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ ОРАМДЫҚ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ СУМЕН ТОЛТЫРЫЛУДА

Шымкент қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап қаланың магистралдық және ішкі орамдық жылу жүйелерін суық сумен толтыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта қаланың магистралдық жылу жүйелері толықтай суға толған.

«Ішкі орамдық жылу жүйелерін суға толтыру жұмыстары жалғасуда. Бұл тұрғыда бүгінгі атқарылған жұмыстар 60%-ды құрайды. Қазан айының 10-12 дейін қаладағы магистралдық ішкі орамдық жылу жүйелері толықтай суық сумен толатырылатын болады», — дейді Шымкент қаласы энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының бас маманы Гүлназ Шадманова.

Шымкент аумағында жылу 15 қазаннан бастап қосылады. Әуелі аурухана, балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік маңызы бар ғимараттар жылумен қамтамасыз етіледі.

Шымкент қаласы энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының фейсбуктегі парақшасы

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика