ҚАЛАНЫҢ 43 КӨШЕСІНЕ ЖАРЫҚ ШАМ ОРНАТЫЛДЫ

Шымкент қаласында шалғай орналасқан тұрғын алаптардағы 39 көшеге жарық шамдар орнатылып, төрт көшенің жарық жүйелеріне қайта құру жұмыстары жүргізілді. Ал алдағы үш жылда қаладағы 303 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр. Бұл туралы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады.

Басқарма мамандарының мәліметіне сүйенсек, қаладағы Құрсай, Қазғұрт, Сауле шағын аудандарындағы бірқатар көшелер мен Қайнарбұлақ саяжайының орталық көшесіне жарықтандыру бағаналары қойылуда екен. Сондай-ақ, Ленгір бағытындағы тас жолдың ескі шамдары диодты шамдарға ауыстырылып, қосымша жарық жүйесі орнатылған. Сала мамандарының айтуынша, қала көшелерін жарықтандыру бойынша үш жылдық жоспар жасалынған. Жоспар толық іске асырылған уақытта 100 пайыз энергия үнемдейтін LED шамдар қойылып, тозған тіректерді толығымен жаңасына ауыстырып, жарықтандырылатын көшелердің саны 181-ден 484 көшеге ұлғаяды екен.

Сонымен қатар, шалғай елді мекендердегі көшелерді сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету және диспетчерлік орталық құру арқылы бір орталықтан басқару көзделіп отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика