Ж.АДЫРБЕКОВ КӨШЕСІНДЕ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Шымкент қаласындағы Адырбеков көшесінің бір бөлігі — 800 метріне жол жөндеу жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді. Бұл туралы Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов хабарлады.

Жалпы ұзындығы 3,6 шақырым көшенің жаңартылуына мемлекеттік бюджеттен 1 миллиард 600 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ, аталған қаражатқа жаяу жүргіншілер жолы, жол жиектемесі мен жарық қондырғылары қарастырылған.

Ж.Адырбеков көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары 2 жыл бұрын басталған болатын. Ал мердігер компаниялар арасындағы кедергілерге байланысты нақты жұмыс жуырда ғана басталды. Сәйкесінше, Рысқұлов пен Жандосов көшелерінің аралығындағы 800 метрге 2 қабатты асфальт төселіп, пайдалануға берілді. Алдағы уақытта жол жөндеу жұмыстарының талабына сай 3-қабаты салынады. Мамандардың айтуынша, көшенің қалған жөндеу жұмыстары ұзаққа созылмайды. Сондықтан тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ.

Айта кетейік, қазіргі таңда аталған көшеде жол құрылысын жүргізіп жатқан «Базис-К» ЖШС компаниясы жұмысты 2022 жылы толық аяқтамақ.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика