2024-07-27

Оңтүстік Қазақстан облысында екінші алтын.

tories/1297.jpg» border=»0″ width=»137″ height=»122″ align=»left» />Елордада өтіп жатқан бокстан ел біріншілігінің финалында шымкенттік Қайрат Ералиев алматылық Рустам Рустамовтан басым түсті. Есеп — 3:0. Бұл 56 келі салмақ дәрежесінің ақтық айқасы болатын. Ал бұл салмақтың қола жүлделері Маңғыстау боксшыларына бұйырды. Атап айтасақ, жартылай финалда сүрінген Мұхит Амантаев пен Қанат Көптілеуов үшінші орынды қанағат қылды.

Ілияс Сүлейменов 52 келінің «сүлеймені»

Бокстан Астананың «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан ел біріншілігінде 52 келі салмақ дәрежесінің чемпионы анықталды.

Астаналық қос боксшы Ілияс Сүлейменов пен Азат Махметовтың айқасында алғашқысының мерейі үстем болып, жекпе-жек екінші раундтан кейін тоқтатылды. Бұл Сүлейменовтың айқын жеңісі. Ал қола жүлделер астаналық тағы бір спортшы Айдын Елжанов пен шымкенттік Нұрғазы Жүсіповке бұйырды

49 келіде Біржан Жақыпов бірінші

49 келіде ел чемпионы анықталды. Астанада өтіп жатқан ел біріншілігінің финалында ақмолалық Теміртас Жүсіповпен кездескен шымкенттік боксшы Біржан Жақыпов ел чемпионы атанды.

Төрешінің үшеуі де Біржанның жеңісін мойындап, 3:0 есебі тіркелді. Қола жүлделер тараздық Азамат Исақұлов пен ақтөбелік Ақниет Бекжановтың еншісіне тиді.

«Қызмет» ақпарат.

{jcomments on}

Яндекс.Метрика