ҮЗДІК НАСИХАТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

        Мемлекеттік саясат пен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, елді бірлікке, татулыққа шақырып, рухани құндылықтардың негізгі бағыттарын халыққа насихаттау мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан байқау ұйымдастырылған болатын. Аудандағы дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында конфессияаралық татулықты насихаттаған үздік насихатшыны анықтау бойынша қала мен барлық ауылдық округтерде жұмыстар жүргізілді. 
        Қараша айының соңында байқау қорытындысы шығарылып, «Үздік насихатшы» атағына лайық деп танылған азаматтар белгілі болды. Байқау жеңімпаздарын аудан әкімі Қамытбек Айтөреев арнайы қабылдап, оларға сый-сияпаттар тапсырды.
        — Қай кезде де қасиетті ислам дініміздің орны жоғары тұрған. Ал, енді қандай күшті мемлекет болмасын оларды ыдырату үшін тілі мен дінін жаулап алса жетіп жатыр. Мұндай оқиғаларды тарих бетінен де, тіпті бүгінгі таңда Сирия секілді мұсылман мемлекеттеріндегі жағдайдан да көруге болады. Сондықтан да, қазіргі жастарымызды жат ағымдардың жетегіне еруден сақтауға баршамыз да атсалысуымыз қажет, — деді аудан басшысы.
        Сонымен, «Үздік насихатшы» байқауының І орын иегері болып Көксу ауылдық округі, Т.Айбергенов мектеп-гимназиясының мұғалімі Сырлыбек Атаев, ІІ орын иегері болып Қ.Тұрысбеков ауылдық округі әкімі аппаратының инспекторы Елік Сүлейменов, ІІІ орын иегері болып Шардара қаласы әкімі аппаратының инспекторы Қайрат Ибрагимовтер танылды. Достық ауылы әкімі аппаратының бас маманы Амантай Күзембаев, Ақ алтын ауылының тұрғыны Тұрсын Норманов, Сүткент ауыл әкімі аппаратының бас маманы Мейірбек Тұрғанбаев, Алатау батыр ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жасұзақ Ізтілеу ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
 

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика