ЖАСЫЛ ҚАЛАНЫҢ КӨГАЛДАНА ТҮСУІНЕ АГРО-ИНДУСТИАЛДЫ АЙМАҚТАР ДА ҮЛЕС ҚОСПАҚ

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету керектігі айтылды. Шымкентте осы бағытта 2 бірдей агро-индустриалды аймағын іске қосу жоспарланып отыр.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен баспасөз брифингте мәлімдеді.

–  Біріншісі – аумағы 136 гектар жерге заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешенін салу бойынша 28 жобаны іске асады. Екіншісі – «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жоспарлануда. Мұнда биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісі және сүт өндіру зауыты бой көтереді, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Спикердің айтуынша, «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағында шетел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобалар жүзеге асады деп жоспарланған.

EGEMEN.KZ

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика