2024-09-20

М.ӘЙТЕНОВ: «САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ 95,6 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ»

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.

– Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 5 магистралдық және 16 елді мекенге ауыз су құбырының жұмыстары жүргізілуде. Ал табиғи газ бойынша №3 АГРС пен 2 магистралдық және 4 елді мекенге газ құбырлары жасалуда, – деді шаhар басшысы.

Мұрат Дүйсенбекұлының айтуынша, электр бойынша 3 подстанция және 15 елді мекенге ішкі жүйелер жүргізілуде. Оған қоса, кәріз жүйелері бойынша 3 магистралдық және 9 елді мекенге кәріз құбырлары жүргізілуде.

Спикердің сөзіне сүйенсек, жұмыстар аяқталған соң, қалада ауыз сумен қамту деңгейі 95,6 пайызға, газбен қамту 92,2 пайызға, ал сапалы электрмен қамту 95 пайызға жетеді.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Яндекс.Метрика