2024-09-20

«ОТЫРАР» ШАҒЫНАУДАНЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

«1 желтоқсан — Тұңғыш президент күніне» орай Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Отырар» шағынауданы №47, 49, 50, 60 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында балалар ойын алаңшалары ашылып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Бұл жайында аталған ауданның әкімі Ғ.Мәуленқұлов өзінің фейсбуктегі жеке парақшасында бөлісті.

Жалпы, ағымдағы жылы аудан аумағында 83 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, 18 спорт алаңшасына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Абаттандырылып жатқан аулаларда заманауи ойын элементтері мен орындықтар, қоқыс жәшіктері мен тренажерлік алаңшалар орнатылды.

Көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары салынған балалар ойын алаңшалары мен спортпен шұғылдануға арналған жаттығу алаңшасына өз ризашылықтарын білдіріп, қуанышқа бөленді.

Яндекс.Метрика