ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР ДЕ САЯБАҚТАРМЕН ҚАМТЫЛУЫ ТИІС

Қазір шаһардың орталығында саябақтардың шоғырлану деңгейі жоғары. Ал шеткі аймақтарда көпшілік демалатын орындар жоқтың-қасы. Шалғайдағы елдімекендер де саябақтармен қамтылуы тиіс. Осы бағыт зерттеу-зерделеуді қажет етіп отыр.

Тағы бір маңыздысы, қалада орта және шағын кәсіп иелері ашқан қоғамдық тамақтандыру орындары, үлкенді-кішілі дүкендер, сервистік қызмет көрсету секілді нысандар өте көп. Олардың басым бөлігі ғимарттарын «қоршауда» ұстайды, көшеге, тіпті жаяу жүргіншілер жолына кедергі жасап тұрғандары да бар.

Шымкент көшелерінде жүйесіздік көп. Көше – көлік жүйесіне қызмет көрсететін инфрақұрылым жүйесі ғана емес, ол қаланың экономикалық активі, қоғамдық кеңістік екенін түсіну керек. Бизнес нысандарының жабық қасбеттерін «ашып», оларды қаланың бір бөлігіне айналдыру қажет. Бұл бағытта да жұмыс істеу жоспарымызда бар.

Азамат ДОСКЕНОВ

«SHYMKENT» ӘКК» АҚ Урбанистика департаментінің директоры

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика