2024-07-27

«ОЙЫНШЫҚТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» КО ТР 008/2011 КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ

«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР 008/2011

Кеден одағының техникалық регламенті

Кеден Одағының Комиссиясының №798 шешімімен 2011 жылдың 23 қыркүйек жұлдызында бекітілді. Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы Кеден одағының техникалық регламенті Беларусь Республикасындағы, Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің бірыңғай принциптері мен ережелері туралы келісімге сәйкес 2010 жылы 18 қарашада әзірленді.

Ойыншықтардың қауіпсіздігі КО ТР 008/2011 техникалық регламенті Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын ойыншықтардың еркін орын ауыстыруын қамтамасыз ету, қолдану және орындау үшін ойыншықтарға қойылатын бірыңғай талаптарды Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында белгілеу мақсатында әзірленді.

Егер ойыншықтарға қатысты ойыншықтарға қойылатын талаптарды белгілейтін Кеден одағының, Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының өзге де техникалық регламенттері қабылданатын болса, онда ойыншықтар қолданылуы таралатын Кеден одағының, ЕурАзЭҚ осы техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Қолданылу саласы

Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы Кеден одағы техникалық регламенті бұрын пайдалануда болмаған, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын ойыншықтарға қолданылады.

Кеден одағы техникалық регламенті балалардың және балаларға қарайтын адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ ойыншықтарды сатып алушыларды (тұтынушыларды) тауардың тағайындалуы мен қауіпсіздігіне қатысты жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында ойыншықтарға қойылатын талаптарды белгілейді.

Сәйкестікті растау

Ойыншықтардың сәйкестігін растау сертификаттау түрінде жүзеге асырылады.

Сертификаттауды Кеден одағының Комиссиясы бекіткен Кеден одағының техникалық регламенттерінде сәйкестікті бағалаудың үлгілік схемаларын қолдану тәртібі туралы ережеге сәйкес сертификаттау сұлбалары бойынша Кеден одағының сертификаттау жөніндегі органдарының және сынақ зертханаларының бірыңғай тізіліміне енгізілген сертификаттау жөніндегі органдармен жүзеге асырылады.

Ойыншық топтамаларын сертификаттау сұлба бойынша жүзеге асырылады. Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында дайындалған ойыншықтардың топтамасын дайындаушы ұсынады, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына енгізілген айыншықтар топтамасын импорттаушы немесе дайындаушының уәкілетті тұлғасы ұсынады. Сертификаттау жүргізуге арналған ойыншықтар үлгілерін іріктеуді сертификаттау жөніндегі орган немесе оның уәкілетті тұлғалары жүзеге асырады.

 Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалау

Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалау ойыншықтарды нарықта айналымға шығару алдында жүзеге асырылады.

 Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі тікелей ойыншықтың өзіне және (немесе) ойыншықтың орауышына (жеке, топтық, тасымалдау) және (немесе затбелгіге, медальонға, құлақшаға (оның ішінде тігілген құлақшаға), қосымша парақшаларға түсіріледі, сондай-ақ оған қоса берілген пайдалану құжаттарында беріледі.

Кеден одағы техникалық регламентінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін және осы Кеден одағы техникалық регламентінің 6-бабына сәйкес сәйкестікті растаудан өткен ойыншықтарда Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалауы болуға тиіс.

Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалау ойыншықтарды нарықта айналымға шығарар алдында жүзеге асырылады.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі тікелей ойыншықтың өзіне және (немесе) ойыншықтың орауышына (жеке, топтық, тасымалдау) және (немесе затбелгіге, медальонға, құлақшаға (оның ішінде тігілген құлақшаға), қосымша парақшаларға түсіріледі, сондай-ақ оған қоса берілген пайдалану құжаттарында беріледі.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі ойыншықтың бүкіл қызмет ету мерзімі ішінде айқын және анық бейнесін қамтамасыз ететін кез келген тәсілмен түсіріледі.

Бірнеше бөлшектерден тұратын ойыншықтар үшін Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірығай белгісі нарықта жеке орналастырылатын бөліктерге түсіріледі.

4. Ойыншықтарға қолданылуы таралатын және осы белгіні түсіруді көздейтін Кеден одағының барлық техникалық регламенттерінің, ЕурАзЭҚ талаптарына сәйкес келген жағдайда, ойыншықтар Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланады.

 

Н.О. Жұбандықов,

Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша

департаментінің бас маманы 

Яндекс.Метрика