Б.АТАМҚҰЛОВ ЖАҢА ТЕРМИНАЛ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновпен бірге жаңа жолаушылар терминалының құрылыс барысымен танысты.

Құрылыс жобасы инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке инвестордың («СКАТ» авиакомпаниясы) өз қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.«СКАТ» авиакомпаниясының президенті Владимир Денисов жаңа терминалдың өндірістік қуаты, транзиттік жолаушыларды тарту жоспарлары туралы, сондай-ақ құрылыс кезінде пайдаланылатын заманауи материалдар, оның ішінде отандық өндірістің үлесі туралы баяндады.

Жаңа терминал халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Бұл мегаполис тұрғындары мен қонақтарын жайлылықтың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Анықтамалық:

Жаңа жолаушылар терминалының параметрлері: ауданы — 35 000 ш. м;

4 қабатты ғимарат;

өткізу қабілеті — 2000 жол/сағ;

телескопиялық траптар — 4 бірлік;

багажды тіркеу мен өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;

тіркеу тағандары — 24 бірлік;

лифтілер — 9 бірлік;

эскалаторлар — 13 бірлік.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика