БАДАМ ӨЗЕНІ ЖАҒАЛАУЫ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

Абай ауданының әкімі Б. Парманов Көкбұлақ тұрғын алабындағы Бадам өзені жағалауына тасталған құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық қоқыс қалдықтарын тазалау және ретке келтіру жұмыстарымен танысып, жауапты мамандарға тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Тазалау жұмыстарына 2 ауыр жүк көтергіш техника мен 5 ауыр жүк көлігі жұиылдырылды. Тазаланған күл-қоқыстар арнайы қоқыс полигонына төгілді. Сонымен қатар, аталған бағыттағы жұмыстар Қызылжар, Игілік, Жаңаталап және «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алаптарында жүргізілетін болады.

Бадам өзенінің жағалауындағы тазалық жұмыстары аудан әкімі Б.Пармановтың тікелей бақылауында болады. Осы орайда, жауапты мамандар тұрғындарға белгіленбеген орындарда қоқыстарды тастау ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2 бабына сәйкес, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертеді.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика