ШЫМКЕНТТЕ 30 АУЫЗ СУ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Шымкентте қала халқының орталықтандырылған ауыз сумен қамтылуы 94,7 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткішті жоғарылату мақсатында қалада жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, тұрғындарды толыққанды сапалы ауыз сумен қамту үшін биылғы жылы қалада 30 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жөнінде энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары хабарлады. Басқарма мамандарының мәлімдеуінше, биыл осы нысандардың 19-ы ел игілігіне беріледі. Ал, қалған 11 нысан келер жылдың еншісіне тиіп отыр. Осылайша, жыл соңына дейін қаладағы 16 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылады. Бұл, шаһардағы 34 мың тұрғын таза ауыз сумен қамтылады деген сөз. Атап айтқанда, ауыз су кестемен берілетін Абдулабад, Базарқақпа, Өтеміс, Бадам-1, Текесу, Игілік, Көкбұлақ, «Тәуелсіздікке 20 жыл» және Қызылжар, Жаңаталап сынды 10 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, ауыз суы тасымалданатын «Тұран» шағынауданымен 6 елді мекенде құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Олар: Тассай, Бадам-Бадам 2, Бадам 195 орам, Азат, Достық тұрғын алабтары. Бұдан бөлек, Ахунбабаев-Гагарин көшесінен Көкбұлақ елді мекеніне дейінгі магистралдық құбыр мен «Тұран» айналма жолынан «Тұран» шағын ауданына дейінгі ұзындығы 6,88 шақырымды құрайтын суаққы құрылысы жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика