45 СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Әл-Фараби ауданында бүгінге дейін бұқаралық спортты дамытуға басымдық беруінің нәтижесінде ауданда тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтар саны артып келеді. Аудан аумағында бүгінге дейін 45 спорт алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілген.

Оның ішінде аудан әкімі аппараты тарапынан 33, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан 12 алаңша орнатылған. Бұл туралы аудан әкімі Ғ.Мәуленқұлов ауданда10 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша баспасөз брифингінде мәлімдеді.

–Биыл ауданда 18 спорт алаңшасы жөнделіп, тұрғындар игілігіне берілді. Бұдан бөлек, қосымша 18 воркаут алаңшалары да орнатылып жатыр. Қосымша 7 спорт алаңшасын орнату мақсатында аудан әкімдігі тарапынан жеке меншік құқығын беретін мемлекеттік актісі алынды,- деді Ғабит Патшаханұлы.

Сонымен қатар, аудан әкімі 12 спорт алаңшаны орнату үшін, аудан аумағындағы бос жатқан жер телімін заңдастыру жұмысы жүргізіліп, Шымкент қаласының жер комиссиясының қаралуына жіберілгенін жеткізді.

Қазір Әл-Фараби ауданында жаңа спорт алаңшаларын орнату мақсатында жөндеу жұмысын қажет ететін 15 спорт алаңшасына сметалық құжаттамалар әзірленуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика