2024-07-27

Хош келдің, Ақ Олимпида!

        Олимпиада тарихынан аз-кем

       Қазақстанның ұлттық Олимпиада комитеті 1990 жылы құрылып, 1993 жылы Халықаралық Олимпиада комитетіне мүше болғанын білеміз. Осы кезге дейін Қазақстан барлығы 5 қысқы Олимпиада ойындарына қатысты.

        Лиллехаммерден Сочиға дейін

tories/1367842090_so4i.jpg» width=»250″ height=»188″ alt=»1367842090_so4i» style=»float: right;» />

       2014 жылдың 7-23 ақпан аралығында Ре-сейдің Сочи қаласында ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының жалауы көтеріледі. Оған барлық құрлықтан жиналған 150-ден аса мемлекеттің 3 мыңға тарта белді спортшылары қатысады деп күтілуде. Соның ішінде Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді. Осы күнге дейін Қазақстандықтар ғаламдық доданың 40-тан аса жолдамасына иелік етіп отыр. 
        Тәуелсіздік туы желбіреген алғашқы олимпиада
       КСРО тарап, іргесі сөгілгеннен кейін Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның спортшылары тұңғыш рет 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен қысқы Олимпиадаға қатысып, мол олжаға кенелді. Сол жарыста даңқты шаңғышы Владимир Смирнов Скандинавия түбегінде үш мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. 10 шақырымдық және Гундерсен тәсілі бойынша өткен сайыста күміс медальді мойнына тақты. Олимпиада аяқталар тұста Владимир 50 шақырымдық бәсекеде ешкімге дес бермеді, бас жүлдені олжалады. Смирновтың арқасында Қазақстан құрамасы жалпы есепте 12-орынға жайғасқан болатын. 
        Прокашева мен Смирнов жарап еді
       1998 жылы Нагано Олимпиадасына (Жапония) қатысып, екі бірдей жүлдеге қол жеткізген едік. Күншығыс елінде Людмила Прокашева мен Владимир Смирнов жарады. Конькишілердің 300 метрлік бәсекесінде Прокашева үшінші орын иеленіп, қола медальді қанағат тұтса, шаңғышылар арасында Гундерсен тәсілі бойынша бақ сынаған Смирнов та қола медальді иеленді. Жалпы есепте Қазақстан құрамасын Беларусь спортшыларымен бірге 20-21 орындарды өзара бөлісті.
       21-орыннан 25-сатыға түстік
       2002 жылы Солт-Лейк-Сити (АҚШ) мен 2006 жылы Туринде (Италия) жолымыз жақ-сы бола қоймады. Мұхиттың арғы жағындағы Америка мен Аппенин түбегі сапарынан отандастарымыздың жолы болмады.
       Үйеңкілер елінде Елена нәтиже көрсете білді(сырттан шақыртылған спортшы). 2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында алауы тұтанған Ақ Олимпиадада Хрусталева күміс медальді еншіледі. Бұл сайыста жалпы есепте 25-сатыға табан тіредік. 
tories/1998w_emblem_b.jpg» width=»250″ height=»321″ alt=»1998w_emblem_b» style=»float: right;» />

        Үміт Олимпиадасы

       Міне, енді осы аптада Сочи Олимпиадасы басталады. Бұл жарыс жайында айтар болсақ, 15 спорт түрі бойынша 98 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 40 мың көрерменге есептелген «Фишт» деп аталатын алып стадионда алауы тұтанатын бәсекелер 16 күнге созылады. Жарыс жолына шығатын өрендер биатлон, бобслей, скелетон, керлинг, коньки, мәнерлеп сырғанау, шаңғы, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шорт-трек, сноуборд, фристайл, шана, шайбалы хоккей сынды спорт түрлері бойынша сайысқа түседі. Солардың арасынан ең көп жүлделер шаңғы мен коньки тебуден сарапқа салынғалы жатыр.

       Олимпиада төрт жылда бір рет өтетін мәнісі зор және мәртебесі аса жоғары жарыс болғандықтан, оған әйгілі спортшылардың барлығы да қатысатыны анық.
       Қазақстан құрамасы ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының 50-ге тарта жолдамасына иелік етті. Олардың қатарында үлкен үміт артып отырған спортшыларымызды атап өт-сек: конькиші Денис Кузин, мәнерлеп сырға-наушы Денис Тен, шаңғышы Алексей Полторанин мен Николай Чеботько. Осы спортшыларымыз Сочиде де Қазақстан мемлекетінің жалауын желбіретеді деп сенеміз. Миллиондаған қазақстандық жанкүйерлер сол саңлақтарға сенім артып отыр. Одан бөлек, әлем кубогы кезеңдеріндегі шорт-трек пен фристайл шеберлерінің өнерлері сенімімізді күшейтіп отыр. Осындай серкелерге ар-қа сүйеген Қазақстан құрамасының алар асуы алда деп ойлаймыз. Ақпан айында алауы тұ-танатын Ақ Олимпиадада отандастарымыздың айды аспанға шығаратынына үлкен үміт артамыз.

Нұртілес ДҮЙСЕНБАЕВ
Бақытжан ӨТЕГЕНОВ,
Шымкент қаласы, №68 жалпы орта мектебінің мұғалімдері.

Яндекс.Метрика