Мегаполистегі елдімекендер 100 пайыз сапалы электр қуатымен келер жылы қамтылады

2023 жылы мегаполистегі барлық елдімекендер 100 пайыз сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.  Бұдан бөлек, Шымкент қаласының энергетикалық әлеуетін 2025 жылға дейін даму жоспарына сәйкес, 6 дана қуатты таратушы қосалқы станциялар салу жоспарланған. Бұл мақсатта 5 елдімекен – Жаңаталап, Достық, Тұран, Нұртас, Сәуле шағын ауданында және Бозарықта 1 қосалқы станция, «Ақжар» 110 кВ қосалқы станцияларында құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Ал, Ынтымақтағы қосалқы станция, Нұрсат, Қайнарбұлақ, Батыс, Солтүстік саяжай шағын аудандарында құрылыс жүруде, келер жылы аяқталады. Нәтижесінде 2023 жылы қаланың электр қуатымен қамтылу деңгейі 100 пайыздық көрсеткішке жетеді.

Алғашқы жарты жылдықтағы жұмыстар нәтижесінде — Ақжардағы қосалқы станциясы жұмысы 97 %, Сәуле 97 %, Cолтүстік саяжай 88 %, Достық 80 %, Жаңаталап 67 %, Тұран 2-3 64%, Батыс 56 %, Нұртас 50%, Қайнарбұлақ 45 %, Бозарық 45 %, Нұрсат 33% орындалған.

Бүгінге дейін қаладағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылса, 8 елді мекенде электр қуаты сапасыз. Жарығы жарытпайтын елді мекендер қатарында  Достық, Тұран, Батыс, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап, Қайнарбұлақ, Солтүстік саяжайы бар.

Қайнарбұлақ және Батыс елді мекендеріндегі құрылыс жұмысы сот шешіміне сәйкес тоқталған. Қалған елді мекендерде құрылыс жұмысы жалғасын табуда.

Айта кететін жайт, электр қуаты сапасыз елді мекендердің бірі – Сәуле 276 — орамда құрылыс жұмысы аяқталып,   23-тамыздан бастап, мемлекеттік жарық беру басталды.

2022 жылдың соңына дейін электр қуаты сапасыз барлығы      6  елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі.

Нәтижесінде,  22 мыңға жуық халық сапалы электрмен қамтылуға мүмкіндік алып, көрсеткіш 98 пайызға жетеді. Одан бөлек, Ақжар қосалқы станциясының да құрылысы аяқталып, іске қосылады.

 

Related Posts

Богатое наследние предков в воспитании и образовании

Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика