«ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағындағы тұрғын алаптарда ауыз су жүйелерінің құрылысы, шағал тас төсеу жұмыстары аяқталды. «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабында ауыз су жүйесінің құрылысына бюджет есебінен 206,0 млн теңге бөлінген болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталды.

Мердігер мекеме тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізіліп, қазылған жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Атап айтқанда, тұрғын алапқа қарасты Жайық, Мұзарт, Құрақты, Нарқазан, Алқамерген, Келіншектау, С.Мәуленов, Л.Хамиди, Ж.Сайын және М.Жұмабаев көшелеріне шағал тас төсеу жұмыстары толығымен орындалды.

Бұдан бөлек, Көкбұлақ тұрғын алабының ауыз су жүйесін жүргізу барысында қазылған көшелерге шағал тас төсеу жұмыстары да толығымен жүргізілді. Абай ауданы әкімінің айтуынша, Игілік және Қызылжар тұрғын алаптарында шағал тас төсеу жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика