«ТРАНСФЕРМАРКЕТ»: ҚҰНЫ ЖОҚ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ

         «Еуро 2016» іріктеу ойындарына қатысатын құрамалардың ішіндегі ойыншылардың құны жағынан ең төмені біздің Қазақстанның футболшылары болды.
        «А» тобындағы әлсіз құрама, аутсайдер саналғандардың қатарындамыз. Оны мойындауымыз керек. Фарьер аралдарымен тең ойнағаннан кейін қайыр күтуден қалғандары қаншама? Біздің құрама өсіп келеді. Бірақ өте баяу.
        «Еуро – 2016» іріктеу ойындарында Қазақстан құрамасы «А» тобында Голландия, Түркия, Чехия, Латвия және Исландия құрамаларымен ойын көрсетеді. Барлық құраманың ойыншыларынан біздің футболшылардың жетістіктері де, саудаға салынған бағалары да нашар.

        Немістің белгілі transfermarkt сайтының пайымдауынша  Қазақстан құрамасын сатып жіберсеңде Ван Персиді ала алмайсың.  Голландия құрамасының (29 футболшы)  жалпы құны – 225 000 000 еуроны құраған. Бір ғана Робин ван Персидің өзі 35 000 000 еуро тұрады.
«А» тобында Голландия құрамасынан кейінгі бағаны иеленіп тұрған түріктер. Олардың құрамасына 21 футболшы кіріп жалпы бағасы 94 500 000 еуроны шығарған. Түркия құрамасының ең қымбат футболшысы болып «Атлетико Мадрид» командасының ойыншысы Арда Туран болған.  Ал үштікті Чехия құрамасы түйіндеді.  Олардың құны 66 000 000 еуро (18 футболшы).  Чехияның қымбат бағалы футболшысы қақпашы Чех. Оның бағасы 17 500 000 еуро. Одан кейін төртінші Латвия (21 футболшы, 12 000 000 еуро), бесінші Исландия (20 ойыншы, 6 800 000 еуро) болған. Өз тобында төменгі орынды алған Қазақстан құрамасының жалпы құны 5 625 000 еуро (25 футболшы). Ең қымбат ойыншымыз Генрих Шмидтгаль. Шмидтгальдың саудадағы бағасы 800 000 еуро.

                                                               Аламан.кз

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика