КӘСІПТІК БІЛІМГЕ КЕҢ ӨРІС

       Түркістан қаласында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен “Бизнес және диалог» атты форум өтті. Онда бес ауданнан келген колледждер, білім басқармаларының басшылары қатысып, маман даярлаудағы бірқатар мәселелер талқыға түсті. Сонымен қатар, студенттердің өз қолдарымен жасаған өнімдері ауылшаруашылық агрегаттары инновациялық жобалары, өзге де  тың туындылары арнайы ұйымдастырылған жәрмеңкеге келген қауым назарына ұсынылды.
       Рахия  Асанова, ОҚО білім басқармасы  кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы:  
Мұндай іс-шара ұйымдастыру облысымызда дәстүрге айналып келеді. Бүгінгі аймақтық форумға Отырар, Ордабасы, Созақ аудандары және Кентау, Түркістан қаласынан келген кәсіптік колледждердің студенттері қатысуда. Форум қатысушылардың тәжірибе алмасу алаңына айналды десем қателеспеймін.
       Айдос Абпазов, Түркістан гуманитарлық-техникалық колледж  директоры: 
       Мұндай тәжірибе алмасу шараларының маңызы зор.Бір-бірімізден үйренетін жаңалықтар баршылық. Мұндай шаралар бізге өзге де техникалық мамандық ашу жауапкершілігін, маман даярлауда тағы да басқа тың жобаларды ұсынуымызға бағыт-бағдар береді.

          Н.ТАПАЕВА, Түркістан қаласы.

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика