ШЫМКЕНТТІҢ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ

Өткен жылы елімізде 12 өңір жоғары инвестициялық белсенділік көрсеткен. Оның ішінде 5 өңірде 20 пайыздан 60 пайызға дейін өсім тіркелді. Ең жоғары көрсеткіштерге Түркістан облысы мен Шымкент қаласында байқалған. Бұл жөнінде Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

Қала экономикасын дамытуға өткен жылы 278,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,56 пайызға артқан.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020-2025 жылдар аралығында құны 1,4 трлн теңгені құрайтын 157 инвестициялық жобалардың базасы әзірленген. Оның ішінде өткен жылы шетел инвесторларының қатысуымен 13,1 млрд теңгеге 350 жаңа жұмыс орнымен 5 жоба іске асырылды.

Қалада инвестициялық жобаларды бақылау мен мемлекеттік бағдарламаларды сапалы іске асыру мақсатында пилоттық режимде «Жобалық басқару кеңсесі» жұмыс істеп келеді.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерге оңтайлы жағдай жасау үшін «Кәсіпкерлерге арналған Үкімет» фронт-офисі ашылып, шағын және орта бизнес үшін екінші деңгейлі банкттер тарапынан 35,0 млрд теңге несие берілген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика