2024-07-27

Ұлыбританияда «Наурыз party» ұйымдастырылды

        Baq.kz – «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасымен Шығыс Англияның Норвич қаласында оқып жатқан қазақстандық студенттер «Nauriz party» шарасын ұйымдастырды. Меркелік кеш университеттің кең ауқымды Go global науқанының аясында өткізілген. 

        Патиді ұйымдастырушы, «Болашақ» бағдарламасының стипендия иегері, қазақ студенттері қауымдастығының вице-президенті Қанат Әуесбайдың айтуынша, Go global тарихында алғаш рет қазақстандық студенттер Наурыз мейрамын атап өткен.

        Қазақтың ұлттық би, күй, жеке және хормен салған әнін біріктірген думанды кешті университет басшылары «біртума орындаулар» деп бағалаған. Жиналған қауым да қазақ жастарының өнерін ду қол шапалақпен қарсы алды. Әрине, мерекеде қазақы қонақжайлылық танытылып, ақ дастарқан жайылған. Мейрамның сәні — наурыз көже қайнатылып, қонақтар бауырсақ, майсөк, қазы, құрт сияқты ұлттық тағамдардан дәм татты.
        «Nauriz party» шарасына қонақ ретінде Брюнель Университетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Лондон Олимпиядасының чемпионы Серик Сәпиев, еліміздегі түрлі жастар ұйымдарының жетекшісі Нұрлан Өтеште қатысты.

       Барлық стипендиаттарды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ атынан оның Лондондағы өкілі Төрехан Абрайымов құттықтап, белсенді студенттерге, бағдарлама стипендиаттарына алғыс хаттар тапсырды.

Яндекс.Метрика